05 Мамыр, 2015

Таразда нашақорлыққа қарсы акция өткізілді (фото)

3110 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
05 05 - akciya 1 ТАРАЗ. 5-мамыр. Жамбыл облысы ішкі істер департаменті есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Тараз техникалық және бизнес колледжінің студенттерімен бірлесіп, «Тараз – нашақорлықсыз қала!» атты акция өткізді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. «Қазіргі уақытта нашақорлық мәселесі әлемдік қоғамдастықта өзекті болып қалуда және оның салдары ретінде жастар арасында есірткіні пайдаланумен байланысты ахуал барлық елдің алаңдаушылығын туғызып отыр», – дейді бұл жөнінде осы оқу орнының директоры Жеңіс Сопбеков. Өз кезегінде құқық қорғаушылар жастарға арнап ақыл кеңестерін айтып, ой-пікірлерімен бөлісті. «Адамның денсаулығы – қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болуы жолдарын қарастырады. Отанымыздың келешегі мен көркеюі өзіміздің қолымызда. Салауатты өмір сүрудің негізі – жаман әдеттерден аулақ болу. «Қазақстан - 2050» Елбасының ұзақ мерзімді бағдарламасы – біздің болашағымыздың негізгі бағыты. Сондықтан, дені сау, тәні таза, рухы күшті, білімді де тәрбиелі азамат болу – ел үшін, ұрпақ үшін аса маңызды. Ал салауатты өмір сүруге кері ықпал тигізетін індет – ол нашақорлық», – деді ІІД есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының аға инспекторы, полиция подполковнигі Василий Дубский. Акция соңында барлық атсалысушылар «Тараз – нашақорлықсыз қала!» ұранын айтып, флешмоб биледі. Оралхан Дәуіт. Дерек, сурет: egemen.kz.

05 05 - akciya 2

05 05 - akciya 3

05 05 - akciya 4

05 05 - akciya 5