Қоғам • 03 Маусым, 2024

«Оқу ақысын төлемеген». Студент қыз өз әкесін сотқа берді

69 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысында кәмелетке толған қыз өзінің оқу кезеңінде әкесінен алимент өндіріп алу үшін сотқа шағым түсірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Оқу ақысын төлемеген». Студент қыз өз әкесін сотқа берді

фото: arasha.kz

«Студент қыз 2024 жылдың қаңтарында 18 жасқа толды. Осыған байланысты әкесінің алименттік міндеттемелері тоқтатылды», деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысы соттарының баспасөз қызметі.

Колледжде оқитын студент қыздың оқу ақысы – жылына 250 000 теңге. Әкесі талап қоюшыға оқу кезінде өз еркімен материалдық көмек көрсетпейді.

«Егер ата-аналар өздерінің кәмелетке толған, бірақ жалпы орта, техникалық және кәсiптiк, күндізгі оқу нысаны бойынша жоғары бiлiм беру жүйесiнде оқитын 21 жасқа дейінгі балаларына, күтіп-бағу қаражатын ерікті түрде бермеген жағдайда, бұл қаражат олардан Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің 138б. 2б. сәйкес сот тәртібімен өндіріп алынады. Талап қоюшы осы құқығын пайдаланып, сотқа жауапкерден оны күтіп-бағу үшін белгіленген ақшалай алимент өндіру туралы арызбен жүгінді», делінген ақпаратта.

Сот отырысында тараптар келісімге келді. Дау медиация тәртібімен реттелді.

Соңғы жаңалықтар