Қазақстан • 29 Мамыр, 2024

Қазақстанда 12 елдің мемлекеттік секторын цифрлы трансформациялау бойынша жоба басталды

69 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Алматыда Орталық Азия, Кавказ және Азия-Тынық мұхиты аймақтарының 12 елінің цифрлы үкіметтерін дамытуға арналған жоба іске қосылды. Бұл бастаманы Корея Республикасы үкіметі қаржыландырады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда 12 елдің мемлекеттік секторын цифрлы трансформациялау бойынша жоба басталды

Жобаның ең алғашқы жиыны – «Цифрлы мемлекеттік басқару мен цифрлы трансформация» аймақаралық конференциясына әлемнің 13 елінен 50-ден астам сарапшы, мемлекеттік орган өкілдері қатысып жатыр.  

Астана мемлекетті қызмет хабы, Корея Республикасы Ішкі істер және қауіпсіздік министрлігі (MOIS) және Ақпараттық қоғам мәселелері бойынша Ұлттық агенттігі (NIA), Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасы өткізетін конференция барысында қатысушылар мемлекеттік басқарудағы инновациялар мен цифрландыру саласындағы үздік халықаралық тәжірибелер мен кейстермен танысады.

Конференцияны ашқан БҰҰ Даму Бағдарламасы Қазақстандағы Тұрақты өкілі Катаржина Вавьерниа бүгінгі таңда цифрлық технологиялар даму құралдары контекстін, сондай-ақ олардың өздерін де түбегейлі өзгертіп жатқанын айтты.

«Осы жаңа бастама арқылы біз Кореяның сәтті тәжірибесін пайдалана отырып, цифрлық трансформацияны ілгерілетуді мақсат етіп отырғанымызды мақтанышпен айтамын. Біліммен, озық тәжірибелермен және зерттеулермен алмасу, семинарлар мен оқу сапарлары арқылы біз қатысушы елдердің мемлекеттік шенеуніктеріне басқару жүйелерінің цифрлық трансформациясын бағдарлауға және азаматтарға қызметтерді тиімді жеткізуге мүмкіндік береміз», деп мәлімдеді БҰҰДБ-ның Қазақстандағы тұрақты өкілі Катаржина Вавьерниа.

С

Корея Республикасы Ішкі істер және қауіпсіздік министрлігінің (MOIS) Цифрлы үкімет пен инновациялар Офисының Цифрлы қауіпсіздік саясаты бөлімі Директоры Вон-Габ ДЖО үш жыл ішінде жеті ел арасында айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізіп, қазір 12 елге дейін кеңейген аймақтық жоба ауқымындағы ынтымақтастықтың маңыздылығын баса айтты.

Жоба қатысушыларға цифрлы трансформацияда айтарлықтай жетістіктерге жетуге көмектеседі. Вон-Габ Джо Корея үкіметінің азаматтарға цифрлы платформа және тиімді басқару арқылы сапалы қызмет көрсетуге деген ұмтылысын атап өтіп,Кореяның цифрлық үкімет саласындағы тұжырымдары және жетістіктерімен бөлісуге дайын екенін білдірді.

Астана мемлекеттік қызмет хабы басқарушы комитет төрағасы Әлихан Бәйменов «қазіргі таңда мемлекеттік басқарудың маңызды құралдарынының бірі -цифрландыру» деп атап өтті.

«Цифрлы мемлекеттік басқару өзара байланысты әлемде қажетті әкімшілік процестерді оңтайландыруға, шешімдер қабылдауды жақсартуға және өзекті мәселелерді шешуде инновацияларды ынталандыруға мүмкіндік береді. Бұл мемлекеттік қызмет көрсетуде тиімділік пен ашықтықты арттыруға, азаматтардың араласуы мен сенім деңгейін арттыруға ықпал етеді», деді ол.

Әлихан Бәйменов Корея Республикасы Үкіметімен бірлескен жобаның маңыздылығын атап өтті. Бұл жобаны қатысушы елдер жоғары бағалап, оған қатысушылар ауқымы одан сайын кеңейіп, жаңа жобаға негіз болған.

ЭЫДҰ цифрлы үкімет индексі рейтингінде әлемдік көшбасшы саналатын Корея Республикасы сарапшылары стратегиялар мен инновацияларды, сондай-ақ заңнамалық аспектілерді қоса алғанда, цифрлы трансформацияның корейлік жолымен таныстырды.

Кавказ (Грузия, Армения, Әзербайжан) және Орталық Азия (Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан) елдерінің мемлекеттік орган өкілдері қатысушыларды өз үкіметтерінің цифрлы платформаларының жұмыс принциптерімен таныстырды.

Конференцияның екінші күні, 30 мамырда көпшілік назарын Өзбекстан және Азия-Тынық мұхиты елдерінде (Филиппин, Лаос, Камбоджа, Моңғолия, Бангладеш) қолданылатын тәжірибе аударды.

Конференция аясында қатысушылар пікірлер мен идеялар алмасып, қатысушылар цифрлы мемлекеттік басқаруды тиімді дамыту бойынша жетекші сарапшылар пікірін тыңдап, ынтымақтастықтың басым бағыттары мен бірлескен жоба аясындағы іс-шараларды белгілейді.

Аа