Тағайындау • 30 Сәуір, 2024

Атырауда санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы тағайындалды

648 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы лауазымына Әлия Бекешева тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы тағайындалды

Фото: Атырау облысының әкімдігі

Әлия Аюпқалиқызы 1970 жылы Атырау облысында дүниеге келген. 1995 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина университетін бітірген.

Еңбек жолын 1995 жылы Атырау қалалық санитариялық-эпидемиологиялық станциясының дәрігер-эпидемиологы болып бастаған. 1995-2013 жылдары Атырау қалалық мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасында дәрігер-эпидемиолог, санитарлық дәрігер, еңбек гигиенасы, тамақтану гигиенасы бөлімдерінің басшысы болған.

2013-2021 жылдары аралығында Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бас маманы, бөлім басшысы лауазымында жұмыс істеген. Ал 2021 жылдан осы тағайындауға дейін департамент басшысының орынбасары қызметін атқарды.

Соңғы жаңалықтар

Күзгі қомырған

Мирас • Кеше

Иткөйлек

Оқиға • Кеше

«Хат қоржын»

Егемен Қазақстан • Кеше

Жастар белсенділік танытты

«Таза Қазақстан» • Кеше