Қоғам • 21 Ақпан, 2024

Үшем дүниеге келді

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өткен апта Балтабайлар әулеті үшін «ақ түйенің қарны жарылған» ерекше қуанышымен есте қалады. Алматыдағы №2 қалалық перинаталдық орталығында осы жылдың алғашқы үшемдері – Мұхаммед, Сафа, Маруа есімді сәбилер жарық дүниеге келді.

Үшем дүниеге келді

Толғағы бас­талған келін­шек перинаталдық орталыққа шұ­ғыл түрде жет­кізі­ліп, барлық қажетті тек­се­рулер­ден өткеннен кейін, кесарь тілігі жасалды.

Сәтті өткен операцияны өз мамандығының майталмандары,  хирургтер Азамат Ержанов пен Бақыт Әбішева жүргізіп, жарық дүниеге үш перзентті аман алып келді.

Бір сәби туғаннан кейін денсаулығындағы кінә­ратқа байланысты апта бойы реанимация бөлімінде нео­на­тологтердің ба­қы­лауында болып, барлық қа­жетті ем-дом алды. Қалған екі нәрестенің жағдайы қалыпты. Патология бөлі­мін­дегі анасының жанында болды.

Аяқ-қолын бауырына алып, өз шаңырағына төртеу бо­­лып оралған ана медицина қыз­мет­керлеріне алғысын жа­у­­­ды­рып: «Жоғары кәсіби­лік­тің, ерекше қамқорлық таныт­қан­дардың арқасында үшеуін де аман-есен өмірге әкел­­­дім. Барлық медицина қыз­мет­­­ке­ріне осындай қиын да жа­уап­ты еңбегі үшін шын жүрек­тен алғыс білдіргім келеді! Дәрігер­лердің көмегімен бүгін үйге шықтық», дейді.

 

АЛМАТЫ