Спорт • 03 Қаңтар, 2024

Бақтиер Зайнутдиновтің Ыстамбұлда қанша жалақы алатыны айтылды

296 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркияның «Бешикташ» клубында ойнайтын футболшылардың қанша жалақы алатынын түрік журналисі Мұстафа Қаратас жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бақтиер Зайнутдиновтің Ыстамбұлда қанша жалақы алатыны айтылды

Фото: bateka_11

Жергілікті журналист өз жазбасында ыстамбұлдық клубта ойнайтын легионерлердің  жалақысы тым қомақты екенін сөз еткен. Қаржыны көсіп алатындардың көшін камерундық футболшы Винсент Әбубәкір бастаған, ол 3 миллион еуро көлемінде жалақы алған. Жерлесіміз Бақтиер Зайнутдинов ыстамбұлдық клуб басшылығымен 2027 жылға дейін келісімшарт жасасты. Жалақысы да тәуір – 1,2 миллион еуро тиеді. Өткен жылдың қараша айында Б.Зайнутдинов Түркия ішкі біріншілігінде жарақат алып, мұрны сынды.