Дін • 26 Маусым, 2023

СҚО-да діндар әйелдер арасында семинар өтті

260 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Солтүстік Қазақстан облысында діндар әйелдер арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары бойынша семинар және әртүрлі форматтағы іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу қызметтері жүзеге асырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

СҚО-да діндар әйелдер арасында семинар өтті

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне қарасты Дін істері комитетінің арнайы жобасы аясында ағымдағы жылдың 12-16 маусым аралығында Солтүстік Қазақстан облысында дін мәселелері жөніндегі республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының (РАТТ) қатысуымен діндар әйелдер арасында діни экстремизмнің таралуын алдын алуға бағытталған семинарлар және әртүрлі форматтағы іс-шараларды ұйымдастыру шеңберінде өңір тұрғындарымен бірқатар кездесулер өткізілді.

Аталған кездесулерге РАТТ мүшелерінен (теологтар, дінтанушылар) – Т.В. Мұстафина, Р. Солтан, А.А. Кеңесбаева, Г.К. Оразбаева, З.Б. Малгараева тартылды.

л

РАТТ мүшелерінің қатысуымен Петропавл, Сергеевка қалалары, Тайыншы, Қызылжар, Ғ.Мүсірепов, Шал ақын аудандары, Бескөл, Новоишимское ауылдарының мешіттеріндегі әйел жамағаты, өңірлердегі орталық кітапхана, мектеп-лицей мен медициналық колледж, дін істері басқармасының мекемелері қызметкерлерімен, әлеуметтік осал топтағы әйелдермен және басқа да қатысушылармен семинарлар мен кездесулер өткізілді.

Өткізілген іс-шараларда өңірлердің тұрғындарына теріс діни ағымдардың белгілері, Қазақстан Республикасындағы жалпы білім берудің зайырлы сипаты, әлеуметтік желілердегі Қазақстандағы хиджаб туралы дискурстар туралы ақпараттар берілді.

Сарапшылар діннің рухани-адамгершілік құрамдас бөлігі мәселелеріне, қазіргі қоғамдағы діндар әйелдердің рөлі мен әлеуметтік мәртебесін, сондай-ақ әйелдер арасында діни сауаттылықты арттыруға, деструктивті діни ағымдардың әсеріне қарсы тұру шараларына ерекше назар аударды.

Тыңдаушылар тарапынан да РАТТ мүшелеріне бірқатар сұрақтар қойылып, тұжырымды жауаптар алынды.

ор

Соңғы жаңалықтар

Қала көркіне айналмақ эко-парк

Экология • Бүгін, 13:23