Айтыс • 16 Мамыр, 2023

Айтыскерін ардақтады

398 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Тәуелсіздік алдында қайта жаңғырған айтыс тарихында «Қазақтың Сары тентегі» – ақын Қуаныш Мақсұтовтың есімі ерекше аталады. Оның «Сары тентек» аталуының тарихы да бар. Бұл атауды 1990 жы­лы Ташкентте өткен халықаралық айтыста «Қазақ айтысының, қазақ елінің абыройын сақтап қалдың, айналайын Сары тентегім!» деп Халық ақыны Қонысбай Әбілов риза болып берген екен.

Айтыскерін ардақтады

Көпшілік ақынның айтыстағы өзін­дік мәнер-мақамын әлі ұмыта қой­ған жоқ. Шындықты бұра тарт­пай, бетке тура айтатын ақы­нын­ айтыссүйер қауым әрдайым ардақ тұтады.

Жақында Қарағандыда Қ.Мақ­сұ­­товтың 60 жасқа толуы­на орай «Қазақтың жоғын жоқтадым...» ат­ты кездесу кеші өтті. Жиын­ға­ келгендер­ ақынның ­әні­­не сусындап, мерейтой иесіне сарқылмас шабыт пен қуат­ тіл­есті. Кездесуді Жайық Бек­тұ­ров атын­дағы жасөспірімдер кітап­хана­сы ұйымдастырды.

Кезінде айтыс өнерінде көрер­мен көзайымына айналған Қуа­ныш­ Мақсұтов бүгінде ақын, саз­гер, бард. Ол бард өнерін бір­ден-бір насихаттаушыға ай­нал­­ған. Қарағанды аймағында қазақ­тың­ ұлттық әдет-ғұрып, дәс­тү­ріне қатыс­ты көптеген тағы­лым­ды жобаға мұрындық боп келеді.

«Бұл кезеңде халқымның сені­мін ақтай алдым ба, енді хал­қы­ма не беремін, менен халқым не күте­ді?» деген сауалдарға жауап іздеп, әлі де барымды жұртыммен бөлісуге ұмтыламын. Философтар «Өмірдің мәні – қозғалыс» дейді. Меніңше, өмірдің мәні – тоқтап, жан-жағыңа зер салып, барар бағытың мен жүрген жолыңды бір сараптап алуда», дейді ақын.

Кездесуде облыстық ішкі сая­сат басқармасының басшысы Нұрлан Би­ке­нов, Қарағанды қаласы ішкі­ саясат бөлімінің басшы­сы Нұржан Иляшев, Қарағанды уни­вер­ситеті филология факуль­те­тінің деканы Елдос Түйте, руха­ни­ ағасы, Ақтоғай ауданының Құр­метті азаматы Тұңғышбай Мұ­қан, Ақындар мен жыршы-терме­ші­­­лер­дің халықаралық одағы атынан­ ақын Айтбай Жұмағұл жы­лы лебіздерін білдірді. Қуа­ныш­ Мақсұтовтың қазақ өнері мен­ мәдениетін дамытуға қосқан үлесін тілге тиек етті.

Бүгінде ақынның зияткерлік бағыт­тағы онға жуық жобасы­ сәт­ті іске асты. «Замандас-Сов­ре­менник» газетінің негізінде жа­са­ған «Қазақстанның ақпараттық ин­дустриясы» атты жобасы кезін­де жоғары бағаланған еді. Жас­тардың рухани, мәдени, саяси бел­сенділігін арттыруға арналған «Ба­лауса» әдеби-шығармашылық бір­лестігін» басқарды. Бұдан бө­лек, БҰҰ мен ЮНЕСКО-ның­ бағдарламалары аясында бір­қа­тар жобаны жүзеге асырды. «Мәң­гі­лік­ мұңның әуені» бардтық әндер жи­на­ғы, «Тәкаппар мұңның кербез тамшылары» жыр жинағы жа­рық­ көрген.

 

ҚАРАҒАНДЫ