15 Шілде, 2014

Ислам ұйымының сессиясына қатысты

338 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстан Республикасының Мысыр Араб Республикасындағы елшісі және Марокко Корольдігінде елші қызметін қоса атқарушы Б.Арын бастаған қазақстандық делегация Марокко Корольдігінің астанасы – Рабат қаласында өткен Білім, ғылым және мәдениет істері жөніндегі ислам ұйымы (ИСЕСКО) Атқарушы кеңесінің 35-ші сессиясына қатысты. Сессия кезінде ИСЕСКО Бас директоры Әбдел Әзиз Ат-Туэйджридің 2013 жылы Ұйымның атқарған жұмысына, оның бюджетінің орындалу барысына қатысты баяндамасы тыңдалды, сондай-ақ, Ұйымның 2016-2018 жылдарға арналған «Іс-қимыл жоспарының» негізгі бағыттары қарастырылды. Аталмыш шара қарсаңында Б.Арын ИСЕСКО Атқарушы кеңесінің мүшесі ретінде Рабат қаласында «Оңтүстік-Оңтүстік бағыты тек стратегия емес, ол – қажеттілік» айдарымен өткен Кран-Монтана форумының 25-ші сессиясының жабылу салтанатына қатысып, сөз сөйледі. Өз кезегінде, ИСЕСКО Бас директоры Ә.Ат-Туэйджри көпұлтты және көпконфессиялы Қазақстан азаматтарын заманауи дамыған мемлекет құру идеясы төңірегінде біріктіре алған Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өз халқының нағыз көшбасшысы болып табылатынын атап өтті. Оның сөзі бойынша, кейбір елдерде қанды қақтығыстардың орын алуының басты себебі олардың басшыларының жеке діни және этностық топтарға сүйеніш артуы. Мароккоға жұмыс сапары шең­берінде Б.Арын ИСЕСКО Бас директоры Ә.Ат-Туэйджримен және Ко­рольдік Парламенті палаталарының төрағаларымен екіжақты кездесулер өткізді. Ә.Ат-Туэйджримен ИСЕСКО-ның Алматы қаласында өңірлік өкілдігін ашу, қазақстандық дипломаттарды ұйымның хатшылығына жұмысқа тарту, сондай-ақ, «Алматы – Ислам мәдениетінің астанасы» жылы аясында 2015 жылы бірлесіп өткізілетін шараларға дайындық барысы жөнінде мәселелер қарастырылды, деп хабарлады Қазақстанның Египеттегі елшілігі.