21 Маусым, 2014

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №616

293 рет
көрсетілді
17 мин
оқу үшін
2014 жылғы 5 маусым,  Астана, Үкімет Үйі Қазақстан Республикасының аумағына астық жинау комбайндары мен астық жинау комбайндарының модульдерін әкелудің кейбір мәселелері туралы «Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағына әкелінетін астық жинау комбайндары мен астық жинау комбайндарының модульдеріне қатысты импорттық квота енгізу арқылы арнайы қорғау шарасын қолдану туралы» Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының 2013 жылғы 25 маусымдағы №143 шешімін іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Астық жинау комбайндары мен астық жинау комбайндарының модульдерін әкелуге арналған импорттық квота көлемдерін сыртқы сауда қызметіне қатысушылар арасында бөлу қағидалары бекітілсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 маусымдағы. №616 қаулысымен бекітілген Астық жинау комбайндары мен астық жинау комбайндарының модульдерін әкелуге арналған импорттық квота көлемдерін сыртқы сауда қызметіне қатысушылар арасында бөлу қағидалары 1. Жалпы ережелер 1. Осы Астық жинау комбайндары мен астық жинау комбайндарының модульдерін әкелуге арналған импорттық квота көлемдерін сыртқы сауда қызметіне қатысушылар арасында бөлу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағына әкелінетін астық жинау комбайндары мен астық жинау комбайндарының модульдеріне қатысты импорттық квота енгізу арқылы арнайы қорғау шарасын қолдану туралы» Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2013 жылғы 25 маусымдағы № 143 шешімімен бекітілген Астық жинау комбайндары мен астық жинау комбайндарының модульдеріне қатысты импорттық квота көлемдерін сыртқы сауда қызметіне қатысушылар арасында бөлу әдістемесінің 12-тармағына сәйкес әзірленді және сыртқы сауда қызметін реттеу құралы ретінде импорттық квотаны бөлу тәртібі мен әдісін айқындайды. 2. Лицензиялар беру тәртібі мен мерзімдері Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасымен айқындалады. 2. Терминдер мен анықтамалар 3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады: 1) импорттық квота көлемі – Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2013 жылғы 25 маусымдағы № 143 шешіміне № 1 қосымшада импорттық квотаның қолданылу кезеңіне белгіленген астық жинау комбайндары мен астық жинау комбайндары модульдерінің көлемі; 2) есептік кезең – импорттық квота белгіленген жылдың тікелей алдындағы үш жыл. Есептік кезең деп мыналар түсіндіріледі: 2011 – 2013 жылдар – 2014 жылға арналған импорттық квотаны бөлген кезде; 2012 – 2014 жылдар – 2015 жылға арналған импорттық квотаны бөлген кезде; 2013 – 2015 жылдар – 2016 жылға арналған импорттық квотаны бөлген кезде; 3) тауар – КО СЭҚ ТН 8433 51 000 1, 8433 51 000 9 және 8433 90 000 0 кодтарымен сыныпталатын, Еуразиялық экономикалық комиссия оларға қатысты импорттық квота белгілеген, кемінде астық бастыру-айыру құрылғысынан тұратын, бастыру барабанымен жабдықталған немесе жабдықталмаған астық жинау комбайндары мен астық жинау комбайндарының модульдері, белдіктер, доңғалақтар немесе шынжыр табандар орнатуды көздейтін тірек негізінде немесе шанақ рамасында орнатылған қозғалтқышты тазарту жүйелері; 4) сыртқы сауда қызметіне қатысушылар – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңды немесе жеке тұлғалар; 5) тарихи сатып алушы – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есепті кезең ішінде тауарды ішкі тұтыну үшін шығару немесе ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімінде әкелуді жүзеге асыратын сыртқы сауда қызметіне қатысушы; 6) уәкілетті орган – тауар импортына лицензиялар беруге уәкілеттік берілген мемлекеттік орган. 3. Импорттық квота көлемдерін бөлу тәртібі 4. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2013 жылғы 25 маусымдағы № 143 шешіміне № 1 қосымшада Қазақстан Республикасы үшін тауарларды әкелуге белгіленген импорттық квота көлемдерін бөлу мынадай тәртіппен жүргізіледі: сыртқы сауда қызметіне қатысушыларға тиісті жылға арналған импорттық квотаның жалпы көлемінің 30 %-ы; тарихи сатып алушыларға тиісті жылға арналған импорттық квотаның жалпы көлемінің 70 %-ы мөлшерінде. Осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес импорттық квота көлемін бөлу нәтижесінде бөлшек мәндер алынған жағдайда, есептеулер нәтижелері бүтін мәнге дейін дөңгелектеуге жатады. 4. Сыртқы сауда қызметіне қатысушылар арасында импорттық квота көлемдерін бөлу әдісі 5. Сыртқы сауда қызметіне қатысушылар арасында импорттық квота көлемін бөлу сыртқы сауда қызметіне қатысушылардың (тарихи сатып алушыларды қоса алғанда) импортқа лицензия алуға өтініш беру кезектілігі тәртібімен әрбір сыртқы сауда қызметіне қатысушы үшін жалпы импорттық квота көлемінің 20 %-ынан аспайтын көлемде жүзеге асырылады. Осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес импорттық квота көлемін бөлу нәтижесінде бөлшек мәндер алынған жағдайда, есептеулер нәтижелері бүтін мәнге дейін дөңгелектеуге жатады. Сыртқы сауда қызметіне қатысушылар арасында импорттық квота көлемін бөлу былайша жүзеге асырылады: 1) 2014 жылға – осы Қағидалар қолданысқа енгізілген күннен бастап; 2) 2015 және 2016 жылдарға – тиісті күнтізбелік жылғы 1 ақпаннан бастап. 6. Сыртқы сауда қызметіне қатысушыларға импортқа лицензияларды уәкілетті орган сыртқы сауда қызметіне қатысушылар үшін көзделген импорттық квота көлемі таусылғанға дейін береді. 7. Уәкілетті орган оларға лицензиялар берілген тауар әкелуге импорттық квота көлемдері және бөлінбей қалған көлемдер туралы мәліметтерді www.minplan.gov.kz және www.comtorg.kz интернет ресурстарында апта сайын жариялайды. 5. Тарихи сатып алушылар арасында импорттық квота көлемдерін бөлу әдісі 8. Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган сыртқы сауда қызметіне қатысушылардан тауар әкелуге өтінімдерді қабылдау және қабылдау мерзімдері туралы, импорттық квота көлемдерін бөлу тәртібі және шарттары туралы хабарландыруды www.minagri.gov.kz интернет ресурсында: 1) 2014 жылға осы Қағидалар қолданысқа енгізілген күннен бастап күнтізбелік 5 күн ішінде; 2) 2015 – 2016 жылдарға тиісті күнтізбелік жылғы 15 қаңтарға дейін орналастырады. 9. Импорттық квота көлемін алу үшін өтінімді тарихи сатып алушылар: 1) 2014 жылға – өтінімдерді қабылдау туралы хабарландыру жарияланған сәттен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде; 2) 2015 – 2016 жылдарға – тиісті күнтізбелік жылғы 1 сәуірге дейін береді. 10. Осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген өтінімдер беру мерзімі аяқталғанға дейін сыртқы сауда қызметіне қатысушы кері қайтарған өтінім берілген жоқ деп саналады. 11. Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органға ішкі тұтыну үшін шығару немесе ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімдеріне (осы Қағидалардың 3-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген уақыт кезеңінде) орналастырылған тауарды әкелудің заттай көлемдері туралы ақпаратты Кеден одағының Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының 10 белгісінің деңгейінде сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар бөлігінде КО СЭҚ ТН мынадай: 8433 51 000 1, 8433 51 000 9, 8433 90 000 0 кодтары бойынша осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша: 1) 2014 жылға осы Қағидалар қолданысқа енгізілген күннен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде; 2) 2015 – 2016 жылдарға оның ішінде тауарды әкелу көзделетін тиісті күнтізбелік жылғы 1 сәуірге дейін ұсынады. 12. Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган кеден ісі саласындағы уәкілетті орган деректерінің негізінде осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген өтінімдер беру мерзімі аяқталған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде уәкілетті органға тарихи сатып алушылар тізбесі жөніндегі ақпаратты олар үшін есептелген импорттық квоталар көлемдерімен бірге осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынады. Тарихи сатып алушылар үшін импорттық квота көлемдерін есептеуді агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган құратын комиссия жүргізеді. 13. Уәкілетті орган агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органнан осы Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген ақпаратты алғаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде импорттық квота көлемдерін ұсынылған деректер негізінде тарихи сатып алушылар арасында бөледі. 14. Тауар импортына лицензия беруді уәкілетті органның тауар әкелуге импорттық квотаны тарихи сатып алушылар арасында бөлу туралы тиісті бұйрығы қолданысқа енгізілгеннен кейін уәкілетті орган заңнамада белгіленген тәртіппен жүзеге асырады. 15. Тарихи сатып алушы өзіне бөлініп отырған импорттық квотаның барлық көлемін не өзіне бөлініп отырған квота көлемінің бір бөлігін әкелуге лицензия беру туралы өтініш беруге құқылы. 16. Тарихи сатып алушылар үшін айқындалған импорттық квоталар көлемдерін бөлуге қатысу үшін тарихи сатып алушылар тауар әкелуге импорттық квотаның көзделетін көлемін көрсете отырып, агроөнеркәсіптік кешенді реттеу саласындағы уәкілетті органға осы Қағидаларға 3-қосымшада белгіленген нысан бойынша өтінімді ұсынады. 17. Егер барлық тарихи сатып алушылар өтінім берген тауар көлемі тарихи сатып алушылар үшін айқындалған импорттық квота көлеміне тең немесе одан кем болса, онда импорттық квота көлемі тарихи сатып алушылар үшін сұратылатын көлемдерге сәйкес бөлінеді. Тарихи сатып алушылар жете пайдаланбаған импорттық квоталар көлемдері жекелеген тауар түрлерінің импортына лицензия алуға өтініштер көрсетілген өтінім берілген тауар көлеміне сәйкес сыртқы сауда қызметіне қатысушылар арасында кезектілік тәртібімен бөлу үшін беріледі. Уәкілетті орган тарихи сатып алушылар пайдаланбаған импорттық квота көлеміне тауар әкелуге лицензияларды тауар әкелуге импорттық квотаны тарихи сатып алушылар арасында бөлу туралы тиісті бұйрық күшіне енгеннен кейін кезектілік тәртібімен береді. 18. Егер барлық тарихи сатып алушылар өтінім берген тауар көлемі тарихи сатып алушылар үшін бөлінген импорттық квота көлемінен артық болса, онда импорттық квота көлемі тарихи сатып алушылар үшін есептік кезең ішінде ішкі тұтыну үшін шығару немесе ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімдеріне орналастырылған тауарды әкелудің жалпы көлеміндегі олардың үлесіне барабар есептеледі. Тарихи сатып алушыға бөлінетін импорттық квота көлемі осы тарихи сатып алушының өтінімінде көрсетілген тауар санынан (данада) артық болмайды. 19. Тарихи сатып алушыға тиісті жылы бөлінетін импорттық квота көлемін есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі: Vi =V ір * D, мұнда: Vi – і-ші тарихи сатып алушыға бөлінетін импорттық квота көлемі; Vіp – тарихи сатып алушылар үшін импорттық квота көлемі; D – есепті кезеңде ішкі тұтыну үшін шығару немесе ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімдеріне тауар әкелудің жалпы көлеміндегі тарихи сатып алушының үлесін көрсететін коэффициент. D коэффициенті мынадай формула бойынша есептеледі (коэффициенттің мәні жүздік бөлшекке дейін дөңгеленеді): D =Vipt / Vt мұнда: Vipt– осы тарихи сатып алушы есепті кезең ішінде ішкі тұтыну үшін шығару немесе ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімдеріне тауарды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу көлемі; Vt – барлық тарихи сатып алушылар есепті кезең ішінде ішкі тұтыну үшін шығару немесе ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімдеріне тауарды Қазақстан Республикасының аумағына әкелудің жиынтық көлемі. 20. 2015 – 2016 жылдары импорттық квотаны тарихи сатып алушылар үшін есептеген кезде тарихи сатып алушыға бөлінетін импорттық квота көлемі өткен жылы бөлінген импорттық квотаны пайдаланбаудың әрбір он пайызы үшін он пайызға кемітіледі. 21. Егер көрсетілген формулалар бойынша есептелген тарихи сатып алушыға бөлінетін импорттық квота көлемі бөлшек мәндерге ие болса, онда есептік шама математикалық дөңгелету жолымен белгіленеді. 22. Егер тарихи сатып алушылар өтінім берген импорттық квота көлемі осы тарихи сатып алушы үшін жоғарыда көрсетілген формулалар бойынша есептелген импорттық квота көлемінен кем болса, онда тарихи сатып алушыға өтінім берілген импорттық квота көлемі айқындалады. Қалған көлемдер қалған тарихи сатып алушылар арасында осы Қағидалардың 19-тармағына сәйкес есепті кезеңде тауар әкелудің жалпы көлеміндегі олардың үлесіне барабар қосымша есептеулер жолымен бөлінеді. Астық жинау комбайндары мен астық жинау комбайндарының модульдерін әкелуге арналған импорттық квота көлемдерін сыртқы сауда қызметіне қатысушылар арасында бөлу қағидаларына 1-қосымша Сыртқы сауда қызметіне қатысушылардың астық жинау комбайндары мен астық жинау комбайндарының модульдерін әкелу көлемі туралы ақпарат (тиісті есепті кезеңге) Р/с № СЭҚ қаты- сушы ЖСН/БСН Әкелінген тауар саны, бірлік Есепті кезеңде әкелу көлеміндегі СЭҚ қатысушының тауар әкелу үлесі, % Барлығы Соның ішінде: ____* жыл ______* жыл _____* жыл БАРЛЫҒЫ Ескертпе: *- Қағидалардың 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес олар бойынша ақпарат берілетін есепті кезең жылдары көрсетіледі. Астық жинау комбайндары мен астық жинау комбайндарының модульдерін әкелуге арналған импорттық квота көлемдерін сыртқы сауда қызметіне қатысушылар арасында бөлу қағидаларына 2-қосымша Тарихи сатып алушылар және астық жинау комбайндары мен астық жинау комбайндарының модульдерін әкелуге олар үшін есептелген импорттық квоталар көлемі жөніндегі ақпарат Р/с № СЭҚ қатысу-шысы ЖСН/БСН Әкелінген тауар саны, дана Есептік кезеңде жалпы әкелу көлеміндегі СЭҚ қатысу-шысының тауар әкелу үлесі, %-бен Өтінім берілген тауар саны, дана Есеп- телген импорт- тық квота көлемі, дана Барлығы Соның ішінде: ----* жыл ----* жыл ----* жыл БАРЛЫҒЫ * - Қағидалардың 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес олар бойынша ақпарат берілетін есепті кезең жылдары көрсетіледі. Ескертпе. Осы құжаттың әрбір парағы дәйектелуі тиіс. Астық жинау комбайндары мен астық жинау комбайндарының модульдерін әкелуге арналған импорттық квота көлемдерін сыртқы сауда қызметіне қатысушылар арасында бөлу қағидаларына 3-қосымша Тарихи сатып алушы ретінде астық жинау комбайндары мен астық жинау комбайндарының модульдерін әкелуге импорттық квота алуға өтінім Өтінім беруші: ____________________________ БСН: ____________________________ Заңды мекенжайы: ____________________________ Қызмет түрі: ____________________________ Байланыс деректері: ____________________________ Осымен ________________ астық жинау комбайндары (СЭҚ ТН коды 8433 51 000 1, 8433 51 000 9) мен астық жинау комбайндарының модульдерін (СЭҚ ТН коды 8433 90 000 0) _______ данада (_______________ жазбаша) _______ жыл ішінде әкелуге импорттық квота бөлуді сұрайды, соның ішінде: Атауы СЭҚ ТН коды Саны, дана Қосымша ақпарат (қажет болған кезде): есепті кезеңде жүргізілген атауын өзгерту (растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып), есепті кезеңде тауар әкелу көлемі және т.б. туралы көрсетуге болады. Басшы __________________________ қолы М.О.