20 Маусым, 2014

Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасына жаңа басшы келді

417 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
medicinaАСТАНА. 20 маусым. Ақтөбе облысының әкімі Архимед Мұхамбетовтің өкімімен облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып Әсет Әскерұлы Қалиев тағайындалды. Бұл туралы «ҚазАқпарат» хабарлады. Әсет Қалиев 1974 жылы туған. Ақтөбе мемлекеттік медицина академиясын дәрігер мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1997 жылы клиникалық ординатор, одан кейін госпитальдық хирургия кафедрасының аспиранты болып бастаған. Кейіннен жедел медициналық жәрдем ауруханасының хирургиялық бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды. 2008 жылғы сәуірден бастап емдеу-профилактикалық жұмыс бөлімінің бас маманынан осы бөлімнің басшысы лауазымына дейін көтеріліп, облыстық денсаулық басқармасында еңбек еткен. 2013 жылғы қаңтардан бастап осы тағайындауға дейін облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары болды. Жолдыбай Базар. Дереккөз: «ҚазАқпарат». Фото: uziter.com.