20 Маусым, 2014

Еуразиялық экономикалық қоғамдастық сотының мүмкіндіктерін кеңірек пайдалану керек

339 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
belta10АСТАНА. 20 маусым. Сарапшылар Еуразиялық экономикалық одақ көлемінде орын алатын кейбір мәселелерді шешуге құқықтық тетіктерді пайдаланудың маңызы зор деп есептейді. Бұл туралы «24kz» хабарлады. Негізінде, Қазақстан, Ресей, Беларусь елдеріне қарасты мемлекеттік органдар, шаруашылық етуші субъекті өкілдері мен жеке кәсіпкерлер Еуразиялық экономикалық қоғамдастық сотына өздерінің құқығын, бизнес мүдделерін қорғауды өтініп жүгіне алады. Дегенмен, аталған қоғамдастық сотына еліміздің тарапынан ешқандай өтініш түспеген. Бүгінде Қытай, Үндістан сынды бірқатар мемлекеттер осы халықаралық сот органының әділ де беделді орын екеніне көз жеткізген. Осы мәселеге қатысты Еуразиялық экономикалық қоғамдастық сотының судьясы Жолымбет Байышев: «Еуразиялық экономикалық одақ аясында тауарлар мен қызметтер айналымын шектейтін немесе қандайда бір кедергілер болса, оларға қатысты шешімді тек Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың соты ғана қабылдай алады», – дейді. Қазіргі таңда мамандар Еуразиялық экономикалық қоғамдастық сотының мүмкіндіктерін кеңірек пайдаланып, бұл институттың қызметі мен беделіне лайықты мәртебе беру керек деп отыр. Жолдыбай Базар. Дереккөз: «24kz». Фото: Belta.by.