20 Маусым, 2014

Жаңа әкім тағайындалды

306 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қостанай қаласының әкімі ауысты. Облыс әкімі Нұралы Сә­дуа­қасов Қостанай қаласының мәслихаты депутаттарының келісі­мімен қала әкімі етіп Ахмедбек Ахметжановты тағайындады. Ахмедбек Масақбайұлы осыған дейін облыс орталығының ірге­сіндегі Қостанай ауданын бас­қарған болатын. Аудан көрсет­кіштері бойынша облыс аудандары арасында алдыңғы қатардан көрініп келеді. Ол өзіне білдірген сенім үшін рахмет айтты және қала активімен тіл табыса отырып, өмірлік бастамаларды бірге жүзеге асыру үшін білімі мен білігін аямай қызмет ететініне сендірді. Қостанай қаласының бұрынғы әкімі Ғауез Нұрмағамбетов Қазақ­стан Республикасы Президенті Әкім­шілігінің инспекторы қыз­ме­тіне тағайындалды. Ол қала әкімі болған кезде Қостанайды көр­кейтуде үлкен жұмыстар атқарылды. – Облыс орталығы – күрделі механизм, оны Ғауез Торсанұлы абыройлы басқарды, – деп атап өтті облыс әкімі. Ал Қостанай ауданының тізгінін Тәуба Исабаев ұстады. Ол оншақты жыл облыс әкімі аппараты жетекшісінің орынбасары болып істеген. Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА, «Егемен Қазақстан». ҚОСТАНАЙ.