19 Маусым, 2014

Футбол. Әлем чемпионаты: Камерун – Хорватия 0:4

207 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

19-06-14-kamerun-horvatia-6

АСТАНА. 19 маусым. Бүгін түн ортасы ауа А тобындағы Камерун және Хорватия құрамалары Манаус қаласында екінші турдың ойындарын өткізді. Матч 4:0 есебімен хорваттардың жеңісімен аяқталды. Бұл туралы egeven.kz хабарлады. Камерун – Хорватия 0:4 (0:1). 19 маусым. Манаус. «Амазония» стадионы. 39 982 көрермен.  Төреші – Педру Проэнса (Португалия). Камерун: Шарль Итандж, Стефан Мбиа, Орельен Шеджу (Дани Нункеу, 46), Николя Нкулу, Бенуа Ассу-Экотто, Александр Сонг, Жоэль Матип, Эйонг Эно, Эрик Шупо-Мотинг (Эдгар Салли, 75), Венсан Абубакар (Пьер Вебо, 70), Бенджамин Муканджо. Хорватия: Стипе Плетикоса, Дарио Срна, Ведран Чорлука, Деян Ловрен, Даниэль Праньич, Иван Ракитич, Лука Модрич, Иван Перишич (Анте Ребич, 78), Саммир (Матео Ковачич, 72), Ивица Олич (Эдуардо, 69), Марио Манджукич. Голдар: Ивица Олич (11), Иван Перишич (48), Марио Манджукович (61, 73). Ескертулер: Александр Сонг (40) – Эдуардо (86). Әу бастан квартеттегі аутсайдер саналған Камерун құрамасы сол болжамның бекер емес екенін бірден білдіріп, турнирдің екінші матчынан кейін-ақ плей-офф шайқастарына шығу құқығынан айрылды. Егер «асау арыстандар» мұның алдында Мексикамен өткен матчта Диего Дос Сантостың екі голын санамай тастаған төрешінің жүгенсіздігі арқылы ғана қарсыласына ойын соңына дейін қарсыласып бақса, Хорватиямен кездесуде екінші таймның басынан бастап, шылпарадай шашылып қалды. Бірақ Финкенің командасы ойынды жаман бастаған жоқ. Камерун футболшылары арбитрдің ысқырығы естілісімен, дүркіреп алға шапты. Олар хорваттарды жан-жақтан қысымға алып, стандартты жағдайларға жүгінді де... «қызыл шаршылы жейделілердің» бірінші қарсы шабуылында-ақ өз қақпаларына доп жіберіп алды. Оны Ресей футболына жақсы таныс Ивица Олич түсірді. Ал комбинацияны Дарио Срнадан доп алған Марио Манджукич бастады. Ол допты келесі кезекті Иван Перишичке асырды. Одан пас алған Ивица бар күшімен солқылдата соқты. Есеп осылай ашылды. Хорваттар бұдан кейін алаңда допқа егелік ете бастады. Ара-тұра қарсы қақпаны нысанаға алып тұрған олардың есепті ұлғайтуға да мүмкіндіктері аз болған жоқ. Ойын осылайша өз ауанымен жылжып, үзіліске таяп қалғанда, алаң үстінде жұртты елең еткізген тағы бір оқиға орын алды. «Асау арыстандардың» жартылай қорғаушысы Александр Сонг 40-минутта қараптан-қарап тұрып Манджукичке қарсы дөрекі әрекет жасады. Мұны көрген португал төрешісі Педру Проэнса оған ойланбастан «қызыл қағаз» көрсетті. Камерун қақпасы торын бүлк еткізген екінші доп екінші таймның басталған шағында салынды. Ол допты қарсыластар шабуылшысының алдына лақтырып тастаған қақпашы Итандждың қателігінен мүмкін болды. Оны алған Перишич бірден төрт бағанның ортасын көздеуге асықпады. Ол бірнеше қадам ілгері келіп, өзіне қолайлы сәт жасалғанша шыдап бақты. Сондай мезет жасалғанда, допты қақпашының жанынан зу еткізді. Осымен матч тағдыры да шешіліп қойылғандай болды. Себебі, алаңда он ойыншымен қалған африкалықтардың екі доптың айырмасын қайтара  алатынына енді ешкім де сенген жоқ. соның ішінде футболшылардың өздері де ондай ниетте болмаса керек. Олар осыдан кейін мүлдем басылып қалды. Мұның есесіне, хорваттар қайтадан күш алды. Арада екі минут өткенде, Манджукич тағы бір гол салып кете жаздады. Ол Итанджбен жекпе-жек шығып, қақпаға доп бағыттай алмай қалды. Ал қарсы шабуыл кезінде Дани Нункеу бар күшін салып соққы жасады. Бірақ доп қақпадан қиыс кетті. Осыдан кейін Хорватияның шабуылы кең қанатпен өрби түсті. Соның бірінде Даниэль Праньич өзі қол жеткізген бұрыштама добын алаңға өзі жеткізді. Ол Манджукичтің басына туралап келді. Сол кезде «Баварияның» шабуылшысы бұл мүмкіндікті құр жібермеді. Арада 12 минут өткенде бұл форвард тағы бір гол соғып, чемпионатта дубль жасаушылар қатарын түзді. Бұл жолғы шабуылды ойынға тыңнан қосылған  ойыншылар ұйымдастырды. Әуелі қапталдан жеке жорыққа шыққан Матео Ковачич тегі бразилиялық Эдуардоға доп берді. Оның соққысын Итандж қайтарып үлгерді. Бірақ содан кері қайтқан допты Манджукич қайтадан қақпаға бағыттағанда, оған голкипер де, қорғаушылар да кедергі жасай алмады. Дамир Қожамқұл. Дереккөз: Чемпионат.Ру. Фото: Sportbox.ru.

19-06-14-kamerun-horvatia-1 SAO PAULO, BRAZIL - JUNE 12:  Sime Vrsaljko of Croatia celebrates with teammates after a first half goal during the 2014 FIFA World Cup Brazil Group A match between Brazil and Croatia at Arena de Sao Paulo on June 12, 2014 in Sao Paulo, Brazil.  (Photo by Christopher Lee/Getty Images) 19-06-14-kamerun-horvatia-3 Brazil v Croatia: Group A - 2014 FIFA World Cup Brazil Group A - Cameroon vs Croatia