19 Маусым, 2014

Атырау қаласына жаңа әкім тағайындалды

308 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Ojaev03АСТАНА. 19 маусым.  Атырау өңірінің басшысы Бақтықожа Ізмұхамбетовтың өкімімен облыс орталығының әкімі болып Нұрлыбек Ожаев тағайындалды. Бұл туралы «ҚазАқпарат» хабарлады. Нұрлыбек Ожаев 1964 жылы туған. Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын бітірген. 1986-1991 жылдары комсомол органдарында жұмыс істеген. 1992-2003 жылдары Атырау облысы Махамбет ауданының мемлекеттік басқару органдарында түрлі қызметтерде болды. Аудан әкімінің аппаратын басқарды. Сондан кейін, бірнеше жыл облыстық әкімдікте қызмет етті. Ол бұл тағайындауға дейін Исатай ауданын басқарып келген. Жолдыбай Базар. Дереккөз: «ҚазАқпарат». Фото: «ҚазАқпарат».