19 Маусым, 2014

Алты жеңіл көлікке ие болды

280 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
IMG_6864Қаржы полициясы органда­ры­ның құрылған күніне орай Талды­қорғандағы Мәңгілік алаудың алдында Алматы облысы бойынша эко­номикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес (Қаржы полициясы) департаменті қызмет­керлерінің ант қабылдау рәсімі өтті. Мәдениет сарайында жалғас­қан мерекелік шараны департамент бас­тығы, қаржы полициясының полков­нигі Талғат Садуақасов ашып, әріп­тестерін төл мерекесімен құттықтады. Өңірдегі елеулі шараға арнайы келіп қатысқан Алматы облысының әкімі Аңсар Мұсаханов: «Еліміз тәуелсіздік алып, дербес мемлекет атанған шақта Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев алдымызға қоғамның қай саласында болсын түбегейлі өзгерістер енгізу мен жаңа жүйе құру міндетін қойғаны мәлім. Оның нәтижесі өтпелі кезеңде көрінді. Нақтылай түссек, ел экономикасының тұралаған шағында өзге салалар секілді қаржы полициясы органдары да халық тұрмысының түзелуіне, мемлекет қазынасының тұрғын­дар мүддесіне жұмсалуына қыра­ғылықпен атсалысты. Сөйтіп, ел еңсесі тіктеліп, әлеуметтің ахуалы жақсарды» деді облыс әкімі. Мерекелік шарада Қазақ­­стан Республикасының Эконо­микалық қылмысқа және сы­бай­лас жемқор­лыққа қарсы күрес агенттігінің төраға­сы Рашид Түсіпбековтің арнаулы бұйрығымен аталған департа­менттің қызметкерлері қыз­ме­ттегі табыстары үшін «Қазақ­стан Республикасы қаржы полициясына 20 жыл» төс­белгісімен, алғыс хатымен, грамотамен барлығы 53 қызметкер марапатталса, Алматы облысының әкімі Аңсар Мұсаханов 6 жеңіл автокөліктің кілтін тапсырды. Нұрбол ӘЛДІБАЕВ, «Егемен Қазақстан». Алматы облысы.