16 Маусым, 2014

Елімізде 10 мемлекеттің азаматтары үшін визасыз режім 15 шілдеде енгізіледі

294 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
jolshibaev05АСТАНА, 13 маусым. Үкімет елімізге инвестиция құйуда сенімді серіктес болып келе жатқан 10 елдің азаматтарына визасыз режімді әрі қарай ұзарту мәселесін шешеді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Еліміздегі дипломатиялық корпустың өкілдерімен кездескен Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Рәпіл Жошыбаев: «10 мемлекеттің азаматтары үшін визасыз режімді біз биылғы жылдың 15 шілдесінен бастаймыз. Бұл тәртіп 2014 жылдың 15 шілдесінен 2015 жылдың 15 шілдесіне дейін енгізіледі. Нақтылай айтқанда, АҚШ, Нидерланды, Ұлыбритания, Франция, Германия, Италия, Малайзия, Біріккен Араб Әмірліктері, Оңтүстік Корея және Жапония азаматтары Қазақстанда визасыз 15 күнтізбелік күнге дейін бола алады. Ал егер 15 күннен асса, онда шетелдіктер заңда белгіленген тәртіппен виза рәсімдей алады», – деді. Р.Жолшыбаевтың айтуынша, аталған шараның мақсаты – елге инвестиция тарту және туристік саланы жетілдіру. EXPO-2017 көрмесі қарсаңында мұндай шаралар маңызды. Естеріңізге сала кетейік,  Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің 27-ші отырысында аталған 10 елдің азаматтары үшін біржақты визасыз режімнің орнатылатынын мәлімдеген болатын. Жолдыбай Базар. Дереккөз: egemen.kz. Фото: ortcom.kz.