14 Маусым, 2014

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығы № 173

368 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
2014 жылғы 26 мамыр, Астана қаласы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 8 ақпандағы №40 «Сырттай, кешкі және экстернат нысанында білім алуға жол берілмейтін кәсіптер мен мамандықтардың тізбесін және Жоғары білім беретін білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру нұсқаулығын бекіту туралы» бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Бұйырамын: 1. Қазақстап Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 8 ақпандағы № 40 «Сырттай. кешкі және экстернат нысанында білім алуға жол берілмейтін кәсіптер мен мамандықтардың тізбесін және Жоғары білім беретін білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру нұсқаулығын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6111 болып тіркелген, 2010 жылғы 12 шілдедегі Қазақстан Республикасы мемлекеттік атқарушы органдарының және басқа орталық мемлекеттік органдардың басылымында жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сырттай, кешкі және экстернат нысанында білім алуға жол берілмейтін кәсіптер мен мамандықтардың тізбесінде: «3. Оқытудың сырттай нысанында жалпы орта білім беру базасында жол берілмейтін жоғары білім беру мамандықтары» бөлімде: «2. Құқық» деген бөлімшеде: « 5В030300 Құқық қорғау » деген жол мынадай редакцияда жазылсын: « 5В030300 Құқық қорғау қызметі (құқық қорғау органдарына ведомстволық бағынысты жоғары оқу орындарынан басқа) » 2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім, халықаралық ынтымақтастық департаменті (Ж.Қ. Шаймарданов): 1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін; 2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұкаралық ақпарат құралдарында жарияласын. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр Т.О. Балықбаевқа жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Министр А. СӘРІПЖІПОВ. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылғы 11 маусымдағы Нормативтік құқықтық келісімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №9496 болып енгізілді.