Жуырда Ұлттық ғылыми онкология орталығында дәрігерлер сирек кездесетін қатерлі ісікке шалдыққан науқасқа операция жасады.

Пациентке «Клацкин ісігі» диагнозы қойылыпты. Ашып айтар болсақ, обырдың осы түрі өт жолдарында, бауыр аймағындағы түтіктерде дамиды екен. Дәрігерлер кейінгі 30 жылда әлемде қатерлі ісікке шалдығып, қайтыс болғандар саны еселеп артып жатқанын алға тартады. Соның ішінде бауырдан тыс өт жолдарының қатерлі ісігі аз тіркелгенімен, аурудың осы түрін диагностикалау және дер кезінде анықтау күрделі мәселе болып тұр. Мұндай диагноз орта есеппен 100 мың адамнан бір, ары асса үш адамға ғана қойылуы мүмкін екен. Тағы бір статистикаға көз жүгіртсек, Клацкин ісігі Еуропа немесе Америка халқына қарағанда азиялықтардан жиі анықталады деген болжам бар.
Дәрігерлер Клацкин ісігіне тән симптомдардың жоқ екенін айтады. Мұндай жағдайда пациент жіті тексерілмесе, дәрігерлердің дертті бірден анықтауы күрделірек. Мәселен, дерттің ауырсыну сипаты холецистит, холелитиаз сынды аурулардың белгілеріне ұқсас болғандықтан, кейде диагноз дұрыс қойылмауы әбден мүмкін. Бірақ медицинада «Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде» деген дөп айтылған сөзге тоқтаймыз. Яғни кез келген азамат жеңіл ауруды асқындырып алмай уақытында диагностикадан өтуі қажет. Сол секілді Клацкин ісігінің соңғы сатысында науқасты емдеу күрделенеді. Тіпті 95 пайыз жағдайда ісік артерия мен қақпалық көктамырға бітіп кететіндіктен, операция жасау да мүмкін болмайды екен. Яғни мұндай диагнозбен операция жасататындар санаулы деген сөз. Дәрігерлердің көмегімен Клацкин ісігі дер кезінде анықталып, операция жасаған науқас жайында гепатобилиарлы хирург, трансплантолог Абылайхан Шарменов айтып берген еді.
– Емханамызға Қарағандыдан 70 жастағы әйел жүгінді. Қараша айында сарғаю белгілері байқалған екен. Науқастың денсаулығын тексере келе, Гепатопанкреатобилиарлы хирургия, онкогепатология және трансплантация орталығының мамандары Клацкин ісігін анықтады. Ауру бастапқы сатыда болғанымен, сол жақ өт жолдарын зақымдап үлгерген. Пациенттің инфаркт және жүректі шунттау секілді қосалқы аурулары болғанына қарамастан, дәрігерлік консилиум өткізіп, операция жасау туралы шешім қабылданды. Бауырының 70 пайызын алып тастадық. Қазіргі таңда науқас белсенді. Орнынан тұрып, тамақ ішіп, тіпті жүгіре де алады, – дейді дәрігер.
Ал пациент кез келген сырқатқа жеңіл қарауға болмайтынын айтуда. Сонымен қатар ол ел тұрғындарын жыл сайын медициналық тексеруден уақтылы өтуге шақырды.
Астана халықаралық форумы 8-9 маусымда өтеді
Елорда • Бүгін, 10:53
Түркияның орталығында жаңа жер сілкінісі тіркелді
Әлем • Бүгін, 10:32
Семейдегі коммуналдық апат: 16 аула мен 6 үйді су басып қалды
Аймақтар • Бүгін, 10:25
Қазақстанның құтқарушылар жасағы Түркияға аттанды
Қазақстан • Бүгін, 10:18
ОСК-ға қандай партиялар құжат тапсырды?
Қоғам • Бүгін, 10:01
Биыл 1,5 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
Қоғам • Бүгін, 09:56
Қазақстан мен Қытай шекарасында жер сілкінді
Оқиға • Бүгін, 09:45
Түркияда ұлттық аза тұту күні жарияланды
Әлем • Бүгін, 09:33
Екі сәбиін сатты деген күдікті әйел анықталды
Оқиға • Бүгін, 09:21
Түркия мен Сириядағы құрбандар саны 3500 адамнан асты
Әлем • Бүгін, 09:13
7 ақпанға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:08
Коронавирус инфекциясынан бір адам қайтыс болды
Коронавирус • Бүгін, 09:03
Саясат • Бүгін, 08:58
Субсидия: онлайн алудың жолы оңай болмай тұр
Субсидия • Бүгін, 08:55
Қоғам • Бүгін, 08:50
Еңбек • Бүгін, 08:45
Төтенше жағдай • Бүгін, 08:40
Татами табандылықты талап етеді
Спорт • Бүгін, 08:35
Ауыл • Бүгін, 08:30
Аймақтар • Кеше
Ғылым • Кеше
Партия • Кеше
Отбасы • Кеше
Әлем • Кеше
Жеңілдетілген автонесие: кезекке тұрудың әлегі
Несие • Кеше
Гарвардтағы қазақ ғалымының жобасы
Ғылым • Кеше
Қоғам • Кеше
Құқық • Кеше
Аймақтар • Кеше
Төтенше жағдай • Кеше
Аймақтар • Кеше
Қоғам • Кеше
Жалпыұлттық деңгейге көтерілген газет
Тарих • Кеше
Ахмет Жұбановтан бата алған дарын
Қоғам • Кеше
Әдебиет • Кеше
Әдебиет • Кеше
Әдебиет • Кеше
Алматы облысының аты озған спартакиада
Спорт • Кеше
Қоғам • Кеше
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар