13 Маусым, 2014

Еуразиялық экономикалық одақ аясында қазақстандық банктердің тартымдылығы артады

171 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
grefАСТАНА. 13 маусым. Еуразиялық экономикалық одақ аясында қазақстандық банк секторының әлеуеті арттырады.  Бурабайда өткен Шетелдік инвесторлар кеңесінің 27-ші отырысы соңында өткен брифингте Ресейдің «Сбербанк» басқармасының төрағасы Герман Греф осылай деп мәлімдеді. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады. Герман Греф: «Қазақстандағы сәтті қызметіміз арқылы басқа да банк құрылымдарын зерттедік. Менің ойымша, Еуразиялық экономикалық одақ Қазақстан қаржы институттары үшін әлдеқайда тартымды болады», – деді. Сондай-ақ, ол Бірыңғай экономикалық кеңістік шеңберінде қазақстандық банк секторының тартымдылығы жақсы жағына қарай түбегейлі өзгеруі мүмкін деген сенімде. Жолдыбай Базар. Дереккөз: primeminister.kz. Фото: «Қазақстан жаңалықтары».