13 Маусым, 2014

Еуразиялық экономикалық одақты құруда Мемлекет басшысының еңбегі зор

261 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
а18003АСТАНА. 13 маусым. Еуразиялық экономикалық одақ құру идеясының ұйытқысы Нұрсұлтан  Назарбаевтың еңбегін айрықша атап өтуіміз қажет. Орал қаласындағы «Орыс мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сергей Погодин осылай деді. Бұл туралы «ҚазАқпарат» хабарлады. Оның айтуынша, экономикалық одақтардың құрылуы – уақыт талабы. Еуразиялық экономикалық одақтың пайда болуы заман ыңғайына қарай бет түзеу. Сергей Погодин: «Еуразиялық экономикалық одақ құру ісінде Нұрсұлтан  Назарбаевтың еңбегі ерекше. Өйткені, ол осыдан 20 жыл бұрын еуразиялық интеграция мәселесін көтерген болатын. Бүгінде сол арман-тілек Мемлекет басшысының араласуымен шындыққа айналды», – деді. Жолдыбай Базар. Дереккөз: «ҚазАқпарат». Фото: Today.kz.