13 Маусым, 2014

Шетелдік инвесторлар кеңесінің келесі отырысы Шымкентте өтеді

308 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
monument03АСТАНА. 13 маусым. Шетел инвесторлары кеңесінің келесі жиыны Шымкентте өтетін болды. Онда еліміздің агробизнес саласын дамыту мәселелері талқыланады. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Мемлекет басшысы: «Шетел инвесторлары кеңесінің 28-ші отырысында Қазақстандағы агробизнесті дамыту мәселесі қаралады. Арнайы зерттеулер көрсетіп бергендей, азық-түлікке сұраныс арта түспек. 2050 жылға қарай адамзат саны 9 млрд.-ты құрайды және азық-түлік қажеттілігі 2 есеге көбейеді», – деді. Осы орайда Президент елімізде ауыл шаруашылығына жарамды жерлер көп екеніне тоқтала келе: «Қазақстанда ауыл шаруашылығына пайдалануға жарайтын жер мол, абсолюттік жайылымдардың өзі 200 млн. гектар, егістік жерлер 45 млн. гектар, ал олардың өнімділігін тек 30%-ға арттырсақ, біз өндірістің мол көзіне ие боламыз. Сондай-ақ, 10 млн. тонна астық экспорттаймыз», – деді. Жолдыбай Базар. Дереккөз: egemen.kz. Фото: Tntexpo.kz.