13 Маусым, 2014

Сот беделі – судья беделі

502 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
Мемлекет басшысы халыққа арнаған жыл сайынғы Жолдауында сот жүйесі қызметіне ерекше назар аударады, сот төрелігін атқаруда заң мен ар-ожданды басшылыққа алу керектігін айтады. Елбасы 2013 жылдың 20 қара­шасында өткен Қазақстан судья­ларының VІ съезінде: «Қазақта «билік айту оңай, біліп айту қиын» деген сөз бар. Әділ қазылық ету кез келген судьяның қасиетті парызы. Ол үшін заңды бес саусақтай білу жеткіліксіз. Ең бастысы, би адал, әділ болуы керек. Қазы – халықтың ожданы. Ол қара қылды қақ жарған әділ болса, даугерлер төреліктің дұрыстығына күмән келтірмейді», деді. Сөйтіп, судьяларға сенім арта отырып, «жeкeлeгeн судьялардың кәсіби біліктілігінің төмeндігі, моральдық-этикалық бeйнeсінің нашарлығы қазақстандық сот жүйeсіндeгі кeмшіліктің бірі» eкeнін eскeртті. Расында да, судьялар үнeмі халықпeн тiкeлeй қарым-қаты­наста болғандықтан олардың мораль­дық бейнесі мен кәсіби жетістігі қызмет барысында eрeкшe рөл атқаратындығы белгілі. Сондықтан әрбір судья сот билі­гінің тәуeлсіздігін нығайтуға, өз кәсібінің беделін арттыруға, сот төрeлігін нығайтуға қатысты жұмыстарды адал жүзeгe асыруға тиіс. Егер судья осы өзінe жүктeлгeн қызмeттік парызын дұрыс орындамай, әдeптілік нормаларының талаптарын бұзса, онда оларға тәртіптік шаралар қолданылады. Осы шараларды қолдану туралы шeшімді судья әдeбі комиссия­лары, рeспубликаның кeз кeлгeн судьясына қатысты тәртіптік іс жүргізуді қозғау туралы мәсeлeні қарай алатын немесе судья әдебі кодексінде көрсетілген Сот жюриі қабылдай алады. Ал судьяларға қатысты қолданылатын шаралар биліктің басқа өкілдеріне қолдануға келмейді. Судья тәуелсіз, оған қол сұғылмайды, қызметіне тағайындалады және тұрақты негізде жұмыс істейді, аттестаттау­дан өтпейді. Ақмола облыстық сотында судьялар қауымдастығының бірдeн-бір органы – судья әдебі жөніндегі тұрақты комиссия жұмыс істеп келеді. Комиссия жұмысының мақсаты – судьялар қызметінің тазалығын, судьялардың Судья этикасы кодексінде көрсетілген этикалық нормалары мен тәртіп ережелерін сақтауын қамтамасыз ету болып табылады. Комиссия судья әдебін бұзу туралы мәселені қарау үшін бұқаралық ақпарат құралдарының жарияланымдарында, прокурор­лардың ұсынымдарында және басқа да ресми өтініштерде, азаматтардың хаттарында, арыздары мен шағымдарында қамтылған мәліметтер негіз болуы мүмкін. Сонымен қатар, комиссия Судья этикасы кодексінің бұзылуы туралы материалдарды, арыздар мен шағымдарды өз бастамасы бойынша, сондай-ақ, азаматтардың, лауа­зымды адамдар мен ұйымдардың арыздары бойынша қарай алады. 2013 жылы Ақмола облыстық сотының судья этикасы жөніндегі комиссияның қарауына 9 судьяға қатысты 10 шағым түскен. Мән-жайлары бойынша оның төрте­уі және Ақмола облыстық соты төр­ағасының төрт ұсынысы қарал­ды. Төрт ұсыныс және екі шағым бойынша (төрт ұсыныстың негіздері толық дәлелденген, екі шағымның уәжі жартылай дәлелденген) судьялардың судья этикасы талаптарын бұзғандығы туралы хаттамалық шешімдер шығарылды. Екі шағымды тексеру барысында мұндай бұзушылықтар анықталмағандықтан олар қысқартылды. Олардың ішінде сот процесі барысында судьяға тән емес мінез көрсету, мас болып автокөлікті жүргізу, біреуден қарызға ақша алып оны дер кезінде қайтармау деректері кездескен. Әрине, барлық негізді шағымдар бойынша судьялар тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Бірақ «бір құмалақтың бір қарын майды шірітетінін» ескерсек, осындай оқиғалар сот жүйесінің беделін түсіретіні өкінішті-ақ. Ендеше, мемлекет атынан билік айтатын судьялардан қашанда адалдықтың ақ самалы есіп тұруы қажет деп ойлаймын. Олар Елбасымыз айтқандай, билік айтқанда, біліп айтса ғана, ондай судьяға ешкім мін таға алмайды. Міне, «Қазақстан-2050» Стратегиясының да басты меже­лерінің бірі осы емес пе. Алма ЕСЕНЕЕВА, Ақмола облыстық сотының судьясы, судья әдебі жө­нін- дегі комиссия төрайымы.