12 Маусым, 2014

Еуропалық қайта құру және даму банкі елімізге 100 млн. доллар бөлмек

375 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Cheborkati0203АСТАНА. 12 маусым. Еуропалық қайта құру және даму банкі еліміздегі шағын және орта бизнесті дамыту мақсатында микронесиелер түрінде 100 млн. доллар ұсынып отыр. Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Сума Чакрабар Шетелдік инвесторлар кеңесінің 27-ші жалпы отырысында осылай деп мәлімдеді. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады. Сума Чакрабар: «Қазақстанға шағын және орта бизнесті микронесиелеу бағдарламалары бойынша 100 млн.-нан астам доллар ұсынуға дайынбыз. Мұндағы мақсат – аталған саланың дамуына институттардың  араласуын арттыру», – деді. Бұдан бөлек, еуропалық банктің басшысы несиелеудің бұл түрімен ірі кәсіпорындар да қамтылатынын жеткізді. Сондай-ақ, ол: «Қазақстан мен Еуропалық қайта құру және даму банкінің алдында көптеген міндет тұр. Оның бәрін іске асыру үшін барлық күшімізді саламыз», –  деді. Жолдыбай Базар. Дереккөз: primeminister.kz. Фото: Tehnoblog.ru.