12 Маусым, 2014

Шетелдік инвесторларға қолайлы жағдай жасалуы тиіс

248 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Invectorov06АСТАНА. 12 маусым. Үдемелі индустриалды-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасының екінші бесжылдығы шетелдік инвесторлар үшін «магнитке» айналуы керек. Мемлекет басшысы Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысында осылай деді. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады. Жиында Президент: «10 жылдан астам уақыт бойы Қазақстан кезең-кезеңмен тұрақты макроэкономикалық орта қалыптастырып келеді. Бәсекеге қабілеттілік сияқты жаһандық индекс көрсеткіші бойынша 2013 жылы 23-орынға көтеріліп, 30 елдің қатарына ендік», – деді. Сондай-ақ, ол Үкіметіміздің бизнес ісін жүргізуге және өзара бірлесе жұмыс істеуге қолайлы жағдай жасауға бағытталған бірқатар шараларды жүзеге асырып жатқанын атап өтті. Нұрсұлтан Назарбаев: «2015 жылдың 1 қаңтарынан менің Жарлығыма сәйкес кәсіпкерлерді жоспарлы тексеру толығымен тоқтатылады. Тексерулер қауіп-қатерлерді бағалаудың сапалы жүйесі негізінде белгіленеді», – деді. Жолдыбай Базар. Дереккөз: primeminister.kz. Фото: primeminister.kz.