12 Маусым, 2014

Елімізге инвестиция салуда белсенділік көрсеткен мемлекеттермен визасыз режім орнатылады

269 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
MUHAАСТАНА. 12 маусым. Еліміз бен 10 инвестор мемлекет арасында бизнес байланыстарды нығайту мақсатында визалық режім жойылады. Президент Шетелдік инвесторлар кеңесінің 27-ші жалпы отырысында осылай деп мәлімдеді. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады. Нұрсұлтан Назарбаев: «Қазақстанда әлдеқайда жоғары инвестициялық белсенділік танытқан 10 мемлекеттің азаматтары үшін екі жақты визасыз режім орнатылады. Олар: АҚШ, Нидерланды, Ұлыбритания, Франция, Германия, Италия, Малайзия, Араб әмірліктері, Оңтүстік Корея және Жапония», – деді. Жолдыбай Базар. Дереккөз: primeminister.kz. Фото: primeminister.kz.