12 Маусым, 2014

Бурабайда Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысы басталды

193 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Burabay03АСТАНА. 12 маусым. Бурабайда Мемлекет басшысының төрағалығымен Шетелдік инвесторлар кеңесінің 27-ші жалпы отырысы өтуде. Бұл туралы «ҚазАқпарат» хабарлады. Кеңес жұмысы Халықаралық бюро көрмесінің туын қабылдаумен басталды. Оны Президент арнайы тұғырға орнатты. Нұрсұлтан Назарбаев: «Қазақстан ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу құқығын жеңіп алғандығын тағы бір еске салғым келеді. Біздің делегация қазір Халықаралық көрмелер бюросында тіркеу құжаттары топтамасын табыспен қорғап шықты және таяуда ғана Қазақстанға Халықаралық көрме бюросының туы табыс етілді», – деді. Президенттің айтуынша, Халықаралық бюро көрмесі туының елімізге әкелінуі әлемдік қауымдастықтың Қазақстанды маңызды халықаралық шара өтетін орын ретінде мойындауын білдіреді. Жолдыбай Базар. Дереккөз: «ҚазАқпарат». Фото: «ҚазАқпарат».