12 Маусым, 2014

Еуразиялық экономикалық одақтың әлеуеті күшейеді

175 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Belarus President Alexander Lukashenko gestures during a press conference in Minsk on December 20, 2010. A crackdown on the opposition after elections in Belarus has struck a potentially fatal blow to strongman President Alexander Lukashenko's bid to improve ties with the West, analysts said. Lukashenko, described as Europe's last dictator by Washington, won Sunday's polls outright with 79.6 percent of the vote on the back of a massive voter turnout of over 90 percent, the central election commission said. AFP PHOTO/ SERGEI SUPINSKY (Photo credit should read SERGEI SUPINSKY/AFP/Getty Images)АСТАНА. 12 маусым. Еуразиялық экономикалық одақ жаңа күштің бастауына айналады. Беларусь елінің президенті Александр Лукашенко сербиялық журналистерге берген сұхбатында осылай деді. Бұл туралы Epochtimes.ru хабарлады. Александр Лукашенконың айтуынша, 2015 жылдың 1 қаңтарынан өз жұмысын бастағалы отырған  Еуразиялық экономикалық одақтың болашағы өте зор. Беларусь президенті: «Аталған одақ тың күштің қайнары болады. Ол әлемдік қауымдастыққа өзінің өміршеңдігі мен айқын бағыт-бағдарын көрсетеді», – деді. Бұдан бөлек, ол Еуразиялық экономикалық одаққа Қытай, Вьетнам мен Үндістан сынды ірі елдер қызығушылық танытып отырғанын, ал келешекте мүше-мемлекеттер қатарына Армения мен Қырғызстанды қабылдау жоспарда бар екенін жеткізді. Жолдыбай Базар. Дереккөз: Epochtimes.ru. Фото: Epochtimes.ru.