12 Маусым, 2014

Еліміздің кейбір өңірлерінде ауа-райы +40 градусқа дейін көтеріледі

260 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
su03АСТАНА. 12 маусым. 12-14 маусым аралығында еліміздің кейбір аймақтарында ауа райы +40 градусқа дейін ысыйды деп болжануда. Бұл туралы «Қазгидромет» хабарлады. Хабарламада көрсетілгендей, республикамыздың барлық аумағында жақын арадағы үш күнде максималды температура +28-35º, ал оңтүстік, оңтүстік-шығыс және орталық облыстарда 36-41º дейін жетеді. Бұл климаттық нормадан 4-8º жоғары. Ал батыс аймақтарда ыстық біршама төмендейді. Сондай-ақ, кей жерлерде найзағайлы және бұршақты өткінші жаңбыр жауады, найзағай кезінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Жолдыбай Базар. Дереккөз: «Қазгидромет». Фото: oksh.kz.