11 Маусым, 2014

Астанада аударыспақтан І ашық Азия чемпионаты өтеді

238 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Uli-dala-oindari06АСТАНА. 11 маусым. Астанадағы «Қазанат» ипподромында 15 маусым күні аударыспақтан алғаш рет І ашық Азия чемпионаты болады. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Аталған бәсекеде 11 мемлекеттен құрыш білекті, тақымы тастай жігіттер өнер көретеді. Нақтысын айтқанда, чемпионатта Қазақстан, Қытай, Ресей, Түркия, Венгрия, Ауғанстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Әзербайжан және Моңғолия мемлекеттерінің спортшылары сайысып, жеңімпазды анықтайтын болады. Жарыс үш салмақ дәрежесі бойынша өтеді (70 килоға дейін, 90 килоға дейін, 90 килодан жоғары). Сайыс соңында жүлдеге іліккендер өзара абсолютті чемпион атағын сарапқа салады. Бұл чемпионатты Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры және Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы бірлесе ұйымдастырып отыр. Қаперіңізде жүрсін, аударыспақ – салт аттылар бірін-бірі ер үстінен аударып түсіруді көздейтін қазақтың ұлттық спорт түрлерінің бірі. Ат үстінде алысу үшін спортшы епті, төзімді, мықты болуы керек. Жолдыбай Базар. Дереккөз: egemen.kz. Фото: ulttygsport.kz.