11 Маусым, 2014

Еуразиялық экономикалық одақ мәселелері жоғарғы оқу орындарында талқылануы тиіс

290 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Online ??????????? ?? ???? "????????????? ????????-2012" ???????? ?? ????? ????? ?nline ??????????? ? ????????? ??????????? ??????? ?????????? ?? ???? "????????????? ????????-2012" ???????? ?? ????? ???????????? ???????????? ?????????.  ?? ???????: online ??????????? ? ??????? ??????????. ???? ??????? ???????, ?????.АСТАНА. 11 маусым. Беларусь мемлекетінің Білім министрі Сергей Маскевич Еуразиялық экономикалық одаққа қатысты маңызды мәселелер жоғарғы оқу орындарында жүйелі түрде талқылануы тиіс деп есептейді. Бұл туралы «ҚазАқпарат» хабарлады. Назарбаев университетінде өтіп жатқан Жоғары білім көшбасшыларының ІІІ Еуразиялық форумына қатысып жатқан Сергей Маскевич: «Бүгінде Еуразиялық экономикалық одақты құру барысында оған қатысушы үш мемлекеттің білім беру жүйесінде де жаңа мәселелер тұр. Сондықтан біз аталған одаққа қатысты маңызды жағдаяттарды талқылауға тиіспіз», – деді. Беларусь министрінің сөзіне қарағанда, қазіргі заманда кез келген мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігі сол елдегі университеттердің әлеуетіне де байланысты. Сондай-ақ, ол: «Мемлекетіміз бен экономикамыздың бәсекеге қабілеттілігі туралы сөз қозғалғанда, ең басты назарды жоғары білім ордаларының білікті маман дайындап шығаруына аударамыз. Сондықтан бұл жағдайда университеттің мамандарды қандай деңгейде дайындап шығаратыны өте маңызды», – деді. Жолдыбай Базар. Дереккөз: «ҚазАқпарат». Фото: kraj.by.