11 Маусым, 2014

Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

248 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
prtropavlovsk03АСТАНА. 11 маусым. Президент әкімшілігінің келісімімен Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ерік Сұлтанов Мамлют ауданының бұрынғы басшысы Владимир Бубенконы өзінің орынбасары етіп бекітті. Бұл туралы «ҚазАқпарат» хабарлады. Енді Владимир Бубенко аталған өңірдің құрылыс, көлік және автокөлік жолдары салаларын қадағалайды. Ол облысқа қарасты Булаев және Соколов аудандарында түрлі қызметтерді атқарған. Сондай-ақ, Қызылжар, Есіл, Мағжан Жұмабаев аудандарында әкімнің орынбасары, әкім болды. Ал осы тағайындауға дейін Мамлют ауданын басқарып келді. Бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қызметін Владимир Балахонцев атқарған. Алайда, оның үстінен мемлекетік сатып алу конкурстарын жүргізу кезінде қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген айыптау бойынша іс қозғалып, соның салдарынан қызметінен шеттетілген болатын. Жолдыбай Базар. Дереккөз: «ҚазАқпарат». Фото: maps.resurs.kz.