23 Мамыр, 2014

Барыс-келіс байыпты бағыт алады

259 рет
көрсетілді
15 мин
оқу үшін
интеграцияКедендік бақылау комитеті төрайымының орынбасары Дина МАМАШЕВАМЕН әңгіме – Дина Талғатқызы, бүгінде кеден десек, бірден ойымызға Кеден одағы оралатыны жасырын емес. Қалай десек те, Кеден одағының құрылуынан еліміздің кеден саласына түсер жауапкершілік жүгі ауырламаса, жеңілдемегені анық. Ендеше, әңгі­меміздің алғашқы сұрағын осы Кеден одағынан бастасақ. Бұл одаққа қосылғаннан бері еліміздің кеден саласында қандай өзгерістер болып жатыр? Қандай жетістіктер, қандай кемшіліктер бар? Неден ұтылып, неден ұтып жатырмыз? Атқарылып жатқан жұмыстарға жалпылама тоқталсаңыз? – Жаһандық интеграциялық үдеріс­тердің қазіргі кезеңі мемлекеттік орган­дарға, оның ішінде кеден қызметі­не де дамудың жаңа бағдарлары мен жолдарын нұсқауда. Әрине, бұл ретте кеден орган­дарының міндеттері түбегейлі өзгеріп кеткен жоқ, бұрынғыдай халық­аралық саудаға ықпал ету, сыртқы сауда айна­лы­мын ынталандыру, тауар ағынын көбейту, қолайлы кәсіпкерлік және инвестициялық ахуалды құру болып қала береді. Дегенмен, жауапкершілік артты. Мамашева фотоӨздеріңізге белгілі, Кеден одағының құрылуымен оған мүше мемлекеттердің ішкі шекараларындағы кедендік бақылау алынып тасталды, бұл Кеден одағының аумағы арқылы тауарларды транзитпен өткізуді айтарлықтай оңайлатуға мүм­­кін­дік берді. Енді, Азия өңірінің елдері­­нен, Қытайдан, Еуропалық одақ елдеріне жеткізілетін тауарларға қатысты кедендік бақылау тек қана Кеден одағының кеден­дік аумағынан кіретін және шығатын сыртқы шекарада орналасқан өткізу пункттерінде жүзеге асырылады. «Кеден одағында кедендік әкелу баждарын есепке алудың және бөлудің тәртібін белгілеу мен қолдану туралы» келісімнің нормаларына сәйкес, Кеден одағына мүше елдер үшін кедендік әкелу баждарының сомаларын бөлудің нормативтері белгіленген. Аталған келі­сім 2010 жылғы 1 қыркүйектен бас­тап күшіне енді. 2013 жылдың қоры­тындысы бойынша, 2009 жылмен салыстырғанда Қазақстанның кедендік әкелу баждарының түсімі 3,3 есеге көбейді және 2013 жылы 273 млрд. теңгені құрады. Бағдарламалық құралдар пысықталды және біз кедендік транзиттің кедер­гісіз рәсіміне көштік. Үш елдің эксп­орт­таушыларына қосымша құн салығын уақтылы қайтару үшін тауарлардың іс жүзіндегі шығарылуын растау тетігі бір ізге келтірілді. Кеден өкілдіктерінің өзара іс-қимыл мәселесі пысықталды. Бақылау және талдау функцияларын жүзеге асыру үшін ақпаратпен алмасу туралы келісімге қол қойылды. Кеден одағының аумағы арқылы тауарлардың транзитпен өткізілуін оңайлату мақсатында кедендік транзит кезінде төлемдер мен салықтардың төленуін қамтамасыз еткен сомаларды электронды өзара тану жүйесі енгізіл­ді. Осы технология КО кедендік шекара­сындағы өткізу пункттерінде кедендік баждардың, салықтардың төленуін қам­тамасыз ету сертификаттары тіркел­гені туралы ақпаратты КО мүше мемле­кеттердің кеден органдары пайдаланатын ақпараттық жүйелер арқылы ұсынуды көздейді. Аталған ақпараттық жүйенің енгізілуі Кеден одағының кедендік аумағы арқылы жүктердің транзиттік тасымалын жүзеге асыратын отандық тасымалдаушылар үшін қолайлы жағдайлар жасайды, тауарлар транзиті кезінде кедендік операцияларды жасау уақытын қысқартады. Кеден одағы Қазақстанның сыртқы сауда қатынасын бірден белсендірді. Кеден одағының артықшылығын біздің еліміздің бизнес-қоғамдастығы өкіл­дерінің көбі бағалады. Осының дәлелі халықаралық транзит көлемінің, шекара маңы саудасының тез өсуі, кәсіпорындардың кооперациялық байла­ныстарының кеңеюі болып келеді, бұл өзара саудадағы бизнестің шығынын қысқартуға ықпал етеді. Оны «үштік» елдер арасындағы өзара тауар айналымының динамикасы куәландырады. 2009 жылмен салыстырғанда Кеден одағы бойынша әріптестермен Қазақстан Рес­публикасының сауда көлемі 2013 жылы 88,3 пайызға, яғни шамамен екі есеге өсті. Өзара сауда айналымының өсуі, жалпы, сыртқы сауда қызметіне де оң әсер етті. 2013 жылы Қазақстан Республикасының үшінші елдермен экспорттық-импорттық операцияларының көлемі 2009 жылғы бағаға шаққандағы ұқсас көрсеткіштен 49 пайызға арта отырып, 107 млрд. АҚШ долларына жетті. Резервная_копия_договор подписание ЕвраЗЭС Слоган-3 Кеден одағына мүше мемлекет қалыптасып жатқан кооперациялық түйіндермен байланысты. Олардың экономикалары бірін-бірі толықтыруы және көптеген бірыңғай молайту контурларымен бірігуі тиіс. Сондықтан, біз мынадан, не анадан ұтылып жатыр­мыз деп нақты атап айтуға болмайды. Мәселен, мысал келтірер болсақ, КО мүше мемлекеттермен өзара сауда статис­тикасын қалыптастыратын Қазақстан Республикасының  Статистика жөніндегі агенттігінің дерек­тері бойынша КО елдерімен тауар айналымы КО-ға кіргенге дейін 2009 жылы 12,9 млрд. АҚШ долларды құраса, 2013 жылы 24,3 млрд. АҚШ долларын құрады. Оның ішінде импорт – 18,4 млрд. АҚШ доллары (2009 жылы – 9,3 млрд. АҚШ доллары), экспорт – 5,9 млрд. АҚШ доллары (2009 жылы – 3,6 млрд. АҚШ доллары). Көптеген ұстанымдар бойынша біз «ортақ мәнге» келетінімізге қарамастан, мысалы, кеден заңнамасын үйлестірудегі біздің елдердің кеден қызметтерінің түрлі бағыттарында және даму деңгейлерінде айырмашылықтар мен проблемалар бар екенін атап өту қажет, бүгінгі күні үш елдің кеден заңнамасы 85 пайызға біріздендірілді. Кеден одағы кеден қызметтерінің өзара іс-қимылының технологиялық және ұйым­дастырушылық мәселелері кеден қызметтері басшыларының алқа отырыстарында келісіледі. Бірлес­кен алқа отырыстарында Қырғыз Рес­публикасының, Тәжікстан Респуб­ликасының және Украинаның кеден қызметтерінің басшылары, сондай-ақ, Кедендік ынтымақтастық бойынша Еуразиялық экономикалық комис­сиясының алқа мүшесі (министр) бақылаушы ретінде қатысады. Тал­қылауға түсетін әрбір мәселе жұ­мыс топтары шеңберінде біздің сарап­шылармен мұқият пысықталады, біз одақ бойынша әріптестеріміздің мүддесіне нұқсан келтірмеуге тырыса отырып, Қазақстанның ұстанымын қолдаймыз. Қазіргі уақытта Бірлескен алқаның он отырысын өткізу қорытындысы бойынша кедендік құнның бақылауын, транзиттік тауарларға қатысты кедендік операцияларды, тәуекелдерді басқару жүйесін алдын ала ақпараттандыруды, сондай-ақ, Кеден одағының Кеден кодексін пысықтауға қатысты және тағы басқаларды жетілдіруге бағытталған 149 шешім қабылданды. – «Кеден қызметі – экономикалық қалқан» деген еді Елбасы бір сөзінде. Шынымен, бұл саланың ел эко­номикасы, үшін үлесі зор. Ал елі­міз­дің Кеден одағына мүше мемлекеттерден де басқа қаншама елдермен шекарасы шектесіп жатыр. Оның бәрімен қаншама сауда-эконо­микалық байланыстар орнаған. Осы ретте сыртқы сауданың жайына тоқ­талсаңыз. Қай елдерден тауар көп келеді, бізден экспорт қалай дегендей... – Кеден қызметінде елдермен сыртқы сауданы реттеуге маңызды рөл берілген. Біздің міндетіміз – сыртқы экономикалық қызметке барынша көмек көрсету, кедендік бақылаудың тиімділігін және республикалық бюджеттің кіріс бөлігін толтыруды қамтамасыз ету. 2014 жылғы 1-тоқсанда еліміздің сыртқы сауда айналымы Кеден одағының және Біртұтас экономикалық кеңістік ішіндегі сауданы есептемегендегі кедендік статистика мәліметтері бойын­ша, 26,9 млрд. АҚШ долларын құрады және 2013 жылғы ұқсас кезеңмен са­лыстырғанда 10,2 пайызға артты, оның ішінде 21,4 млрд. АҚШ доллары экспорт (15,6%-ға артты), 5,5 млрд. АҚШ доллары импорт (6,5%-ға төмендеді). Сонымен бірге, ТМД елдері арасындағы тауар айналымының жалпы көлемі 1,6 млрд. АҚШ долларын құрады және 2013 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 27,4-ке төмендеді, оның ішінде 1,1 млрд. АҚШ доллары экспорт (24,4%-ға төмендеді) және 0,5 млрд. АҚШ доллары импорт (33,2%-ға төмендеді). Алыс шетелдермен тауар айналымы 13,8% өсті және 25,3 млрд. АҚШ долларын құрады, оның ішінде экспорт 18,9%-ға (20,3 млрд. АҚШ доллары) артты, ал импорт 2,7%-ға (5 млрд. АҚШ доллары) төмендеді. Қазақстан өнімін негізгі алушылар Италия (24,2%), Қытай (16,5%), Нидерланды (11,9%), Франция (8,3%), Швейцария (5,6%), және Австрия (5,1%) болып табылады. Ал импорттық өнімдерді жеткізушілердің арасында бұрынғыша Қытай (26%) алда тұр, сондай-ақ, импорттық өнімдер Германия (8,8%), АҚШ (7,9%), Корея (5,1%), Украина (4,2%) және Жапония (4,2%) елдерінен түседі. – Еліміздің кеден бекеттеріндегі қазіргі ахуал қандай, оларды қажетті құрал-жабдықтармен, заманауи техникалармен қамту қаншалықты әлемдік стандарттарға сай деп айта аласыз? Соңғы кезде қолға алынған электронды декларация қай деңгейде жүзеге асып жатыр? Кеден одағының оңтүстік шекара­ларын жарақтандыруға ерекше көңіл бөлінген. Өткізу пункттерінде инспекциялық тексеріп-қарау кешендері, тауарлардың жеткізілуін бақылаудың автоматтандырылған жүйелері, элек­т­ронды өткізу пункттері және т.б. орна­тылған. Кедендік бақылаудың техникалық құралдарының көмегімен өткізілетін материалдар мен заттарды және олардың ілеспе құжаттарына сәй­­кестігін анықтауға болады. Бұл жо­лау­шы және жүк ағынын кедендік бақылаудың уақытын төмендетеді, көлік құралдарындағы қиын жерлерді бақылауды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар кеден бекетінің жұмыс уақытын арттыру арқылы кеңейту мүмкін болатын кеден бекеттерінің қолданыстағы инфрақұрылымның ең көп өткізуінің техникалық әлеуеті бар (тәулігіне кіру және шығу 200 көлік бірлігіне дейін). Автомобиль өткізу пункттерінің транзиттік әлеуетін 60% (18-ден 11) арттыру үшін кедендік бақылаудың техникалық құралдарын ауыстыру және жаңғырту қажет. «Электронды үкіметті» құру бағдар­ламасын енгізу шеңберінде жүзеге асырылатын кеден органдарының ақпараттық жүйелерін дамыту онымен шекарадағы өткізу пункттерінің өткізу қабілетін арттырады. Қазіргі уақытта комитет тәжірибелік пайдалану режі­мінде тауарлардың экспорты және импортын электронды декларациялау рәсімін әзірлеуді аяқтады және енгізу­ге кірісті. Электронды қағазсыз деклара­циялау растау құжаттарын берусіз интер­нет желісі арқылы кедендік декла­рацияны беру мүмкіндігін көз­дейді. Сондай-ақ, электронды дек­ла­рациялауды тұрақты пайдалануға енгізу үшін кеден ісі саласындағы қол­даныстағы заңнамаға бірқатар түзету­лер әзірленді, қағазсыз деклара­ция­лау бойынша мемлекеттік қызмет көрсету стандарты дайындалды. Сонымен қатар, қағазсыз деклара­циялауға көшу уәкілетті мемлекеттік органдар беретін «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер базасын экспорт­тық-импорттық операциялар бойынша рұқсат құжаттарымен уақтылы тол­ты­­рылуын толық қамтамасыз етуді қарастыратынын ескеру қажет. Кедендік сүйемелдеудің жоғары стандарттары барлығы үшін маңызы зор, әсіресе, бұл мәселе Қазақстанда ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі, Қысқы Универ­сиада-2017 сияқты халықаралық шара­ларды өткізудің алдында өзекті болып табылады. Біз басқа елдердің тәжірибесін зерделеудеміз және кеден органдары бекітілген стандарттарға сәйкес келу үшін барлық күш-жігерін салуға ниеттіміз. Біз іріктеу қағидатына негізделген және жаппай тексеруді жоятын тәуекелдерді басқарудың автоматтандырылған жүйе­сін әзірледік және енгіздік. Аталған жұмыстың жалғасы ретінде ТБСБ іске қосылуының нәтижесін ескере отырып, кедендік бақылау салмағын ресімдеу кезеңінен посткедендік бақылау кезеңіне ауыстыру ұсынылады. – Жалпы, интеграциялық бай­ла­ныс­тардың ел үшін қаншалықты ма­ңызы бар деп ойлайсыз? Яғни интег­ра­ция игілігін қалай бағалайсыз? Кей­біреулердің бұл тәуелсіздігімізге қауіп төндіреді деген пікіріне не айтар едіңіз? – Мен интеграцияның пайдасына сенбейтін адамдардың пессимистік көзқарастарын құптай алмаймын. Менің ойымша, бүгінгі таңда болып жаткан интеграциялық үдерістер ерік пен тең құқық қағидатына құрылған бірігу үрдісі жаңа мемлекетаралық бірігу негізінде қарым-қатынастың сапалы деңгейінде құрылуындағы маңызды қадам болып табылады. Интеграцияның қажеттілігі мемлекеттердің аумақтық шекараларының бірлесуіне, тарихи дамуындағы сипаттамасының жақын­дығына, табиғи-ресурстық, өндірістік-экономикалық, өзара толығуы, көліктік-коммуникациялық, әлеуметтік-демо­гра­фиялық, ғылыми-техникалық әлеует­терінің бірін-бірі толықтыруына негіз­деледі, сонымен қатар, экономикалық проблемаларының бір болуы, сыртқы экономикалық және геосаясаттыққа қызығушылықтың бірігуі де әсер етуде. Еңбек нарықтары мен капиталдарын бі­ріктірген Біртұтас экономикалық ке­ңіс­тік интеграцияның неғұрлым жо­ға­ры деңгейі болып табылады. Үш ел арасында ұлтүстілік жоғары орган – Еуразиялық экономи­калық комиссия құрылып, жұмыс істеуде, ол интеграциялық үдерістерді қозғалтқышы және заңнаманы үйлестіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу орталығы болып табылады. Әрине, бұл жұмыстағы алғашқы қадам 2009 жылы қабылданған базалық құжат – Кеден одағының Кеден кодексі болып табылады, бұл құжат Кедендік рәсімдерді жеңілдету мен үйлестіру туралы халықаралық конвенцияның негізінде, сондай-ақ Беларусь, Қазақстан және Ресей кеден қызметтерінің кедендік бақылау мен кедендік тазартуға қатысты үздік тәжірибесін ескере отырып әзірленген. Кеден кодексіне кірмеген кеден органының қызметіне қажетті басқа механизмдер халықаралық шарттар мен Кеден одағы комиссиясы шешімдері түрінде қабылданды. Кедендік рәсімдерді үйлестіру мен оңтайландыру бойынша Киото ко­н­венциясының ережелеріне кеден заң­на­масын одан әрі біріздендіру жос­пар­лануда. Одақтың Кеден кодексінің жо­­басын әзірлеу одақтағы кедендік құ­қық­тық қатынастарды жетілдіруге, жаң­­ғыртуға бағытталған кешендік си­патқа ие. Айтылғанды түйіндей келе, біздің жұмысымыз Мемлекет басшысы алға қойған міндеттерді, оның ішінде, Қа­зақ­­стан Республикасының әлемдегі дамыған отыз елдің қатарына қосылуы бөлігінде жүзеге асыруға бағытталғанын атап өткім келеді. Кеден органдары әкім­шілік кедергілерді төмендету, елі­міз­дің транзиттік әлеуетін арттыру, ке­дендік рәсімдердің айқындығын қам­тамасыз ету және тауарлар конт­ра­бан­дасының жолын кесу бойынша белсенді жұмыстар атқарады, бұл өз кезегінде алға қойылған мақсаттарға қол жеткізуді қамтамасыз етуге өз үлесін қосады. – Әңгімеңізге рахмет.  Әңгімелескен Динара БІТІКОВА, «Егемен Қазақстан».