22 Мамыр, 2014

Астанада "Асық party" шарасы басталды

602 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Асық-пати-8 Ұлттық құндылықтарымыздың бірі - асық ойынын насихаттайтын "Асық party" шарасы басталғалы көп болмады. Бірақ көпшіліктің көңілін бірден жаулап алды. Асық-пати-5 Осыдан 2-жыл бұрын басталған "Домбыра party" шарасы секілді бұл да Openair форматында, яғни ашық аспан астында өтеді. Асық-4 Әр сенбі 18.00-де жұмысынан босай салып жастар Бәйтерек маңында ойнатылатын "Асық party"-ге асығады. 10264940_1443069585939976_2120039207_n 10346878_1443069785939956_896708122_n 10327228_1443070099273258_2145957835_n Көбі балаларымен бірге келеді. 10318766_1443070339273234_1793922682_n Ал қыздар жағы бір шетте "Бес тас" ойынын ойнап жатады. 10313910_1443069052606696_28360777_n Әр қатысушыға ұйымдастырушылар тарапынан 1 сақа және 3 асық беріледі. Асық-пати-1 Мұнда сен стадион жинайтын əнші немесе кітабың ай сайын шығатын ақын, миллиондап ақша табатын кəсіпкер немесе теледидардан түспейтін журналист, мыңдаған фаллоуері бар блогшы немесе беделді шенеунік емессің.. бар болғаны қарапайым ойыншысың, сол ауылдан шыққан қарапайым қазақтың қарадомалақ баласысың..
10290637_776030019094012_6589938012835002881_n Азаматхан Әміртай. ҚСКА президенті, бизнесмен: Бүгін бірінші рет Асық патиге барудың сәті түсті. Осымен 3-ші рет ұйымдастырып жатыр екен. Сенбі сайын, сағат 18-00 де Бәйтеректің қасына жиналып, әрі денсаулықты ширатып, одан қала берді ұлттық ойынды жаңғыртып жатыр. Берік Сұлтан мен Мұхамедәлі Болатұлы деген осы бастаманың авторларымен таныстым. Біраздан бері қолға сақа алып шиірмегенбіз, оны да сілтеп көрдік. Бір сәтке ересек екенімізді ұмытып, балалықтың ауылына барып қайттық. Әрі кубоктары мен мақтау қағаздары бар екен. Мұндай қоғамдық бастамалардың басқа емес, Астанада басталып жатқанына қуаныштымын. Асығымыз алшысынан түссін!
асық-пати9 Әр ойын соңында сол ойын жеңімпазы қолына көшпелі кубок тиеді. Данияр Алан.