Қоғам • 10 Қазан, 2022

Қанатқақты жоба

204 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мүгедектік тобын белгілеу үшін медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізудің сырттай форматы бойынша қанатқақты жобаны іске асыру аясында 2022 жылғы 1 қазанындағы жағдай бойынша Қазақстанның барлық өңірінен 39,3 мың өтінім қаралды.

Қанатқақты жоба

Ұлттық қоғамдық сенім ке­ңе­­сінің VI отырысында Мем­ле­кет басшысы ерекше қа­жет­­тіліктері бар адамдар үшін ба­рын­­ша қолайлы жағдай жасау­ды, оларды қағазбастылықтан арылтуды, инстанциялар бо­йын­ша жүруін және қызмет көр­сетушілердің қызмет алушы­лар­мен байланысын болдырмау­ды тапсырған болатын. Ең­бек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі баспасөз қы­з­метінің хабарла­уынша, қа­зіргі уақытта жобаға 625 меди­циналық ұйым қосылған. Пилот­тық жоба арқылы 2022 жылы мүгедектікті бел­гілеу бойынша сырт­тай қыз­мет көрсетумен қамтуды 20%-ға дейін жеткізу жос­пар­лан­ған. Бұл көр­сеткіш бү­гінде 22,6%-ды құ­рай­д­ы.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Денсаулық сақтау және Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерімен бірлесіп, Қазақстанның барлық 20 өңірінде жаңа режімде ме­ди­циналық-әлеуметтік сараптама жүргізудің сырттай форматы бойынша жасалған жобаны іске асыруда. Мүгедектік тобын анықтау бойынша қызмет алу үшін өтініш беруші тек тұрғылықты жері бойынша емханаға барып, қажетті тексеруден өтуі қажет, қалған процестер ақпараттық жүйелерді интеграциялау есебінен оның қатысуынсыз өтеді.

Жалпы, сырттай куәлан­ды­ру­ға көшу әкімшілік және бюро­­кратиялық кедергілерді жоя­ды, медициналық-әлеу­мет­­тік сараптаманың сарап­та­малық шешімдерінің ашық­ты­ғын қамтамасыз етеді, үйден шық­пай-ақ мүгедектікті бел­гі­леу және мүгедектігі бар адамдар­ды әлеуметтік қорғау шараларын айқындау бойынша қызметтер алуға мүмкіндік бе­реді. Сондай-ақ көрсетілетін қыз­мет­ті алу­шы­ның көрсетілетін қыз­метті беру­шімен тікелей байланысын бол­дырмайды. Осы­лай­ша, сыбайлас жемқорлық тәуе­келдерін барынша азайту көзделіп отыр.