Әлем • 03 Қараша, 2021

БҰҰ-ның гуманитарлық көмегі Ауғанстанға жетті

362 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кабул әуежайына гуманитарлық көмек тиелген БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі басқармасының ұшағы қонды, деп хабарлайды Egemen.kz.

БҰҰ-ның гуманитарлық көмегі Ауғанстанға жетті

Ұшақ Кабулға жергілікті уақыт бойынша 15.30-да жетіп, қоныс аударған ауған азаматтарын жылытуға арналған 33 тонна жиынтықты жеткізді.

«Алғашқы ұшақ қоныс аударушыларға алдағы қыс айларында үйлерін жылытуға арналған 33 тонна жиынтық әкелді», делінген хабарламада.

25 кг оқшаулауға арналған әр жиынтықта еден, бөлімдер және шатырдың суықтан оқшаулауын жақсартуға арналған басқа заттар бар. Жинаққа пешті орнатуға мүмкіндік беретін ыстыққа төзімді қорғаныс кіреді. Бұл UNHCR үш рейсінің алғашқысы болды, келесі гуманитарлық көмек партиялары 4 және 7 қарашаға жоспарланған.
 
«Біз қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін Ауғанстанға және елдің басқа аймақтарына гуманитарлық көмек жеткізу үшін жер, теңіз және әуежолдарын қолданамыз. Сонымен қатар, қажет болған жағдайда көмекті Ауғанстанға жүк көліктерімен жеткізу үшін Өзбекстанның Термез қаласында гуманитарлық көмек қорлары орналастырылды», деді БҰҰ.
Соңғы жаңалықтар

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Кеше

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Кеше

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Кеше

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Кеше

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Кеше

Заманауи киіз үй

Өнер • Кеше

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • 25 Шілде, 2025