
Көмек Катар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Танидің тапсырмасы бойынша ұйымдастырылды.
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Катар тарапына гуманитарлық көмек үшін алғысын білдіреді. Катардың бұл игі әрекеті екі мемлекет арасындағы дәстүрлі достық қарым-қатынастың, сондай-ақ пандемияға қарсы іс-қимыл жөніндегі халықаралық күш-жігердегі ынтымақтастықтың көрінісі.
Гуманитарлық жүк медициналық мекемелер арасында одан әрі тарату үшін «СҚ-Фармация» ЖШС-на табысталады.