
Eлші Қайрат Сарыбай бастаған Аустриядағы Қазақстан Елшілігінің қызметкерлері Венаның орталық зиратындағы Кеңес Одағының жауынгерлеріне арналған ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты. Кейін қала орталығында Шварценберг көшесінде орналасқан азат етуші Кеңес жауынгерінің ескерткішіне гүл шоқтары қойылды.