
«Өкінішке қарай, дағдарыс кезінде ішкі нарықтарда жаңа кедергілер пайда болады. Қазіргі кезеңде одан қашып құтыла да алмайтын сияқтымыз. Бірақ олардың уақытша екені және қарым-қатынастарымыздың нормасына айналмауы маңызды. Бірлескен жобаларды қаржыландыру үшін біріккен жобамыз - Еуразиялық даму банкінің мүмкіндіктерін тиімді пайдалануымыз қажет. Әсіресе, постдағдарыс кезеңінде», - деді Мемлекет басшысы сұхбатта.