Аймақтар • 13 Сәуір, 2020

Қызылорда: Ірі мөлшерде есірткі тасымалдаушы ұсталды

630 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылордалық полицейлер аса ірі мөлшерде есірткі тасымалдаушыны ұстады. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Қызылорда: Ірі мөлшерде есірткі тасымалдаушы ұсталды

10 сәуір күні ІІМ және облыстық Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері бірлесе өткізген жедел-профилактикалық шара кезінде “Батыс Еуропа – Батыс Қытай” тас жолының Арал ауданындағы Шижаға елдімекені тұсында автокөлік тоқтатылды. Күдікті көрінген көлікті тексеру кезінде артқы жүк салғыштағы бензин багынан бірнеше пластик бөтелке шығады.  Сараптама қорытындысы бұл бөтелкелердегі жасыл шөптің кептірілген марихуана мен гашиш екенін анықтады.   

Отыз алты жастағы көлік иесі Жамбыл облысының тұрғыны болып шықты. Ол Арал ауданындағы полиция бөлімінің уақытша ұстау изолияторына қамауға алынды. Қазір оның үстінен ҚР ҚК 297-бабы, 3-бөлігінің 3-тармағымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

 

Қызылорда облысы 

Соңғы жаңалықтар

Елге сенімі жоғары

Қоғам • Кеше

Мұратану мұраты

Ғылым • Кеше

ЖИ туралы заң нені көздейді?

Жасанды интеллект • Кеше

Ұлттық спорт – табыс көзі

Ұлттық спорт • Кеше

Кішкентай қателік

Ғалам ғажаптары • Кеше

Тәтті тасқын

Ғалам ғажаптары • Кеше