Спорт • 16 Наурыз, 2018

Дмитрий Шомко: «Қарсылас қорғанысын бұзу оңай болған жоқ»

471 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Астана» қорғаушысы Дмитрий Шомко egemen.kz сайтының тілшісіне «Оқжетпеске» қарсы кездесуден кейін сұхбат беріп, ойынның қиын болғанын атап өтті.

Дмитрий Шомко: «Қарсылас қорғанысын бұзу оңай болған жоқ»

- «Оқжетпес» бүгін қорғаныс шебінде сауатты ойын көрсетті. Олардың тас қамал қорғанысын бұзу оңай болған жоқ. Біз шабуылды соңына дейін жеткізе алмай жаттық. Дегенмен, кездесу барысын толықтай бақылауда ұстадық.

- Команда тактикалық тұрғыда өзмегендей көрінді?

- Иә, «Ақтөбеге» қарсы қалай ойнасақ, бүгін де алаңда солай қимылдадық. Команда құрамында да өзгеріс орын алған жоқ. Бас бапкер ештеңе өзгерткен жоқ. Тартысты кездесуде жеңіске жеттік.

- Сіз Суперкубок аясындағы кездесуді қосалқы құрамнан бастадыңыз. Бас бапкерге әлі де өзіңізді дәлелдеу қажет пе?

- Мүмкін жаттығу жиындарында дұрыс ойын көрсетпеген болармын. Бірінші ойынды қосалқы құрамнан бастағаныммен, қазір барлығы өз орына келді. Осылай жалғасады деген үміттемін.

- Жаңа ойыншылар команда құрамынан кеткен көшбасшыларды алмастыра алды ма?

- Жаңа футболшылар құрамға тез сіңісіп кетті. Дорин қазірдің өзінде командаға көмегін тигізіп жатыр. Алайда, ол бүгін өзінің барлық мүмкіндігін көрсете алған жоқ. Бүгін алаңда бос кеңістік аз болғандықтан, шабуылшылар өз мүмкіндіктерін пайдалана алмады. Өкінішке орай, гол соғатын сәттер аз болды.

Еске сала кетейік, «Астана» футбол клубының бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ»