Технология • 03 Сәуір, 2019

Республикалық І инклюзивті IT лагерь ашылды

384 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда Жастар жылына орай «Тұран» білім беру-сауықтыру кешенінде республикалық деңгейде І инклюзивті IT лагерь басталды. Еліміздің Қарағанды, Орал, Шымкент, т.б. өңірлеріндегі инклюзивті хакатондардың, сондай-ақ байқау қорытындыларының нәтижесіне сәйкес 24 қатысушы өз жобаларын ұсынуда. Олардың 16-сы мүмкіндігі шектеулі жастар.

Республикалық І инклюзивті IT лагерь ашылды

Лагерь аясында заманауи технологиялардың аралас түрлері қоланылуда. Ақпараттық Технологиялар Халықаралық университеті, 1С  Қазақстан компаниясы, Орталық Азияч Еуразия Қоры сияқты жоба серіктестерімен қатар жетекші мамандардан онлайн-құралдар, инклюзивті тәжірибелер мен әдіс-тәсілдерге қатысты ақпарат алмасу мүмкіндігі қарастырылған.  

Жобаның екінші кезеңі ITeach – «Тең IT мүмкіндіктер әлемі» - мүмкіндігі шектеулі азаматтарды әлеуметтік оңалтуға бағытталған. Қатысушылар білім алу дағдысын игерумен қатар, жаһандық ортада өз қабілеттерін арттыруға мүмкіндік береді.

Жоба аясында ең үздік деген топтарға IT жобаларын жүзеге асыру үшін 2 миллион теңге грант беріледі. Ал мүмкіндігі шектеулі азаматтар ұсынған ерекше жобалар іріктеліп, алдағы уақытта жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін қарастырады.