Қазақстан • 16 Наурыз, 2018

BI Group құрылыс компаниясы жа­риялаған «Happy StartUp» кон­курсы таныстырылды

581 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орталық коммуникация­лар қызметінің ақпараттық ала­ңында «Астанаға 20 жыл – 20 игі іс» корпоративтік мерейтойлық бағ­дарламасы аясында BI Group құрылыс компаниясы жа­риялаған «Happy StartUp» кон­курсының таныстырылымы өтті.

BI Group құрылыс компаниясы жа­риялаған «Happy StartUp» кон­курсы таныстырылды

Іс-шараға BI Group PR ди­ректоры Гаухар Керімова, BI University директоры Ольга Баспаева, BI Development да­му бөлімінің бастығы Айбар Мұ­қа­нов және «Сана» ЖҚ «Жас Отан» үйлестірушісі Әйгерім Серікжанова қатысты. 

«Біз одан әрі дамығанды, жа­ңарғанды қалаймыз, ең бас­тысы – біз тұрғызған үйле­рд­е қо­лайлы өмір сүруді қалып­тас­­тыру. Сондықтан BI Group ком­­паниясы «Астанаға 20 жыл – 20 игі іс» корпоративтік ме­ре­ке­­лік бағдарламасы аясында біз сал­­ған тұрғын үй кешендердің са­пасын арттыру бойынша «Happy StartUp» конкурсын жария­лады, деп атап өтті Гаухар Керімова. 

Сонымен қатар ол кон­ку­рсқа жастық ерек­ше­лі­гіне, тұр­ғылықты орнына, маман­ды­ғына қарамастан Қазақстан Республикасының кез келген аза­маты қатыса алатындығын мәлімдеді. 

«Сіз тек, біздің өнімнің сапасын жақсарту бойынша бір немесе бірнеше идеяңызды ұсы­нып, http://bi-group.org/happystartup сілтемесі арқылы өті­­нішті толтырып, өз жеңісі­ңіз­ге сенсеңіз болғаны! Ең үздік идея­лар компания стандарты­на енгізіледі және ақшалай сый­лықтармен марапатталады, сондай-ақ 10 финалист BI University-де өткізілетін тре­нингтерге сертификат алады. BI Group барша қауымды өзі­міз өмір сүріп жатқан қор­ша­ған әлемге, үйлерімізге сүйіс­пен­ші­лікпен қарап, көр­ші­ле­рі­мізді құрметтеуге, мейі­рім­ді болуға шақырады»,  деді BI Group компаниясының  PR директоры Гаухар Керімова.  

Рауан ҚАЙДАР,
«Егемен Қазақстан»