Қазақстан • 16 Наурыз, 2018

Президенттің бес әлеуметтік бастамасы туралы халықаралық сарапшылар пікірі

552 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Президенттің бес әлеуметтік бастамасы туралы халықаралық сарапшылар пікірі

Фото: Sputnik Қазақстан

Қазақстан үшін тиімді бастама

Сантош КУМАР,
Сингапур Баспасөз клубының құрметті хатшысы

Қай қоғамда болсын материал­дық пайда негізге рөлге ие, алайда әлеуметтік бірліктің өмірлік ма­ңызы зор. Осы орайда Қазақ­стан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев халықтың әлеуметтік осал топтарының өмір сүру жағ­дайын жақсарту қажет екенін жақ­сы түсінеді. Бұл, сондай-ақ ел­дің экономикалық өсіміне септі­гін тигізеді. Осылайша, ол тұр­ғын үй, жоғары білім беру, жалақы­ны көтеру және мұқтаж жан­дар­дың өмір сүру жағдайын жақсарту сияқты халықтың негізгі сұраныстарын қанағаттандыруға баса назар аударуда. Президент елді жалпы жаң­ғыртумен қатар, дамудың барлық бағыттарын қамтуды көздеп отыр.

Президент халықтың әлеуметтік осал топтарының мұң-мұқтаж­дарын, оларды не алаңдататынын терең түсінгендіктен нақты шаралар қабылдауда. Мемлекет басшысы­ның «Президенттің бес әлеуметтік бас­тамасын» жариялауы аз қорғал­ған санаттарға қамқорлық көрсету арқылы тең мүмкіндіктер ұсынудың айқын мысалы болып табылады. Қазақстан бұл бастамалардан тек пайда табады. Өйткені, мемлекеттің қолдауы елдің әрі қарайғы дамуында халықтың ауызбіршілікте болуын қамтамасыз етеді. 

 

Ел дамуының нақты бағдары

Ариэль КОЭН,
саясаттанушы (АҚШ)

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы наурыз айының басында ел халқына арна­ған «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты Үндеуінде айтылған әлеуметтік жаңғыруға қатысты міндеттерді жүзеге асыру Қазақстанды жаңа белеске көтереді. Нақты­лай айтқанда, бұл маңызды әлеуметтік бастамалар Қазақ­станның әлеуметтік дамуын және әлеуметтік тұрақты­лығын қамтамасыз ететін маңызды әрі үлкен қадам.
Үндеуде қамтылған микронесиелеу, білім беру сапасын арттыру, салық жүктемесін төмендету, халықты баспанамен қамту мәселелері мемлекет тарапынан ел тұрғындарының әл-аухатын жақсарту мақсатында жасалған игі шаралар болып табылады. Сондай-ақ бұл өз кезегінде Қазақстанның экономикалық тұрғыда даму деңгейін жақсартуға оң ықпалын тигізеді.