Қазақстан • 16 Наурыз, 2018

Сот ұсынысы Конституциялық Кеңесте қаралды

556 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Конституциялық Кеңес «Неке (ерлі-зайып­тылық) және отбасы туралы» кодекстің 47-бабының 5-тармағын конс­титуциялық емес деп тану тура­лы Қарағанды облысы кәме­летке толмағандар істері жө­нін­дегі мамандандырылған аудан­аралық сотының ұсыны­сын іс жүргізуге қабылдап алды.

Сот ұсынысы Конституциялық Кеңесте қаралды

Сот ұсынысында аналықты және балалықты әлеуметтік қорғау мәселелері көтерілген.  Ұсы­нысты қарауға өтініш берген субъектінің пікірі бойынша кодекстің аталған нормасы заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең екендігі туралы қағиданы бұзады және Конституция­ның ана мен бала мемлекет­тің қор­ғауында болады деген 27-бабының талаптарына сәйкес келмейді. Бұған жаңа туған баланы күтіп-бағуға алимент және оның анасын асырауға ақшалай қаражат өндіріп алу туралы сотқа түскен азаматтық іс өтiнiш беруге себеп болды. Соттың осы өтініші бойынша Конституциялық Кеңес отырысы өтті, деп хабарлады Конституциялық Кеңестің бас­пасөз қызметі.