Медицина • 26 Қаңтар, 2018

Мемлекеттік тілді қорлау жалғаса бере ме?

781 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Алматыға жол түсіп, №43 пой­ызға билет алдық. Билет алу үшін әдет­тегідей темір жол вок­залы­ның кас­сасына емес, терминалға жү­гін­ген едік. Тер­минал түймешігін ба­сып, мем­лекеттік тілдегі қызметті таң­д­­а­сақ та, алған билетіміздегі мәлі­мет үш тілде жазылған екен. Қош ал­дық. «Қазақстан азаматтарына үш тілді үйрету мақсаты болар», де­­дік. Бірақ, билеттегі жазуды к­өзімізбен шолып өткенде, көңі­лі­міз су сепкендей басылды.  

Мемлекеттік тілді қорлау жалғаса бере ме?

Суретті салған Айдарбек Ғазиз, "Егемен Қазақстан"

Ағылшынша жазылған бір-екі ауыз сөз туралы ештеңе айта алмадық. «Алдымен өз ана тілі­міз­дегі сөздің сауатты жазылуына көңіл бөліп алайық» дедік. Орыс тілінде жазылған сөздер мен сөз тіркестерін жазуда мін жоқ, ал мемлекеттік тілдегі жазу сау­ат­сыз, қалай болса солай жа­зылған. 
Тасымалдаушының атауы да «ТОО ТУРКСИБ АСТАНА» екен. Бұл тасымалдаушы серіктестік өз атауын мемлекеттік тілде жазуға болмас па еді? Көптің көзіне жиі түсетін және ел аузында жүретін мемлекеттік тілдегі атаулардың өзге тіл орфографиясы негізінде жазылуы – ұрпақ тәрбиесіне зиянын тигізіп-ақ келеді. Бір кездері ұн қабынан «УЛАН» ЖШС-і деген сөзді де көргенбіз. Енді «Улы дала» халқы болмай тұрғанда есімізді жисақ қайтеді? 

Орыс тілінің орфографиясымен жазғысы келсе, орысша атауларды таңдамай ма? Қазақ сөз­дерін орыс тілі ережесімен жаз­ғаннан не ұтамыз? Мәселен, елі­міздің футбол коман­дала­ры­ның ресми тіркелген атаулары: «Тобол», «Иртыш», «Есиль», т.т. екен. Оларды «Тобыл», «Ертіс», «Есіл» деп өзімізді өзім­із алдап жүрміз, өзге жұртқа күлкі болдық. Бұл елдің алдын­да үнемі «жалт-жұлт» етіп жүр­ген атаулар болғандықтан, өзге тіл ережесімен жазылған қазақ атаулары жас ұрпаққа мем­лекеттік тілге деген теріс көз­қарас қалыптастырмай ма? Хал­қымыздың ана тілін мен­сін­беу­ге, тіл тағдырына нем­құ­райлы қа­рауға «шақырып» тұрған жоқ па? 

Терминал арқылы билет сату мәселесіне қайта оралсақ. Бұл іске жауапты азамдар билеттегі қазақша сөздердің, сөйлемдердің жазылуына жүрдім-бардым қарағаны соқырға таяқ ұстат­қандай көрініп тұр. Тіпті қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесіне де пысқырмаған ба дерсіз. Қазақ тіліндегі сөздерді, сөйлемдерді, мәтіндерді сауатсыз жазу – мемлекеттік тілдің қадірін кетіру үшін қасақана жасалған іс сияқты көрінеді екен. Еліміз бойын­ша осындай сауатсыз жазу­лар өте көп. Әр қалада, аудан ор­талықтарында, әр ауыл мен кә­сіпорында, көшелерде, сауда орын­­дарында т.б. бар. Ол туралы жазып та жүрміз, сынап та жүр­­міз, бірақ түпкілікті өзгеріс бай­­қалмайды. 

Тіл қолданысына салдыр-салақ қарайтындардың беті қалың ба, әлде «мейлі, күл болмасаң, бүл бол» деп, өз бетімізбен жүрмей, қайта-қайта осы мәселені көтере беретін біздің бетіміз қалың ба, білмедік. «Айта-айта Алтайды, Жамал апай қардайдының» кебі. Қазақстанның мемлекеттік тілін құрметтеген жандар осындай өрескел қателерге жол берер ме еді? Әрине, жоқ! Ешқашан сауатсыз жазбас еді! Соңғы мысалдағы сөй­лемді әрі бері оқып, түк түсін­бедік. «Соңдай-ақ» деп қа­те жазғаны былай тұрсын, «Является» дегенді қазақша «та­бы­лады» деп аударған болған. «Бұл билет фискальды чек орны­на жүреді (қолданылады)» деп қа­зақ­қа түсінікті жазуға болмас па еді?

Кейбір кеңселерде: «Мем­ле­кет­тік тілге аудара сал. Про­ку­ра­тура тек­сергенде, «қазақ­ша нұс­қасы жоқ»­ демесе болды» дейді, бірақ: «Қа­зақ­ша нұсқасы сауатты жа­зыл­­ған болсын!» деген та­лап қоймайды. Қазақ тілі – кең­се­дегі аудармашының тілі ғана бол­ғандықтан, мәтіннің қа­зақша тү­сінікті болуына көңіл бөлін­бей­ді. Мәтінді сөзбе-сөз аудару талабы қойылады. Құжатты тек прокуратураның тексерісіне арнап, қазақ тіліне аударған кең­селерде мемлекеттік тілдегі құ­жаттар папкасы тексеріске дейін ашылмайды да, сол күйі тап-таза болып жата береді. 

Енді қайттік? Парламенттен пәр­мен, не Үкіметтен қаулы күте­міз. Қазақ халқының ана тілінде сауатсыз жазу елдің намысына тию, мемлекеттік тілді қорлау! Ки­ри­лицамен жиырма бес жылдан бері сауатты жаза алмасақ, латын әрпіне қалай көше­міз? Сауатсыз жазудың «көке­сін» сонда көреміз бе? 

Төлен РАМАЗАНҰЛЫ

Қостанай облысы, 
Қарабалық ауданы