Қазақстан • 22 Тамыз, 2017

Отандық өнімнің өрісі кеңейеді

738 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Ақмола облысы аграрлы өңір саналғандықтан, соңғы жылдары заман талабына сай өнікті де сапалы ауылшаруашылық техникалары мен құрал-жабдықтарына сұраныс артып тұр. Осыны басшылыққа алған «Қазақстан агроинвестициялық корпорациясы» ЖШС мен Ауыл шаруашылығын механикаландыру ғылыми-зерттеу институты Көкшетау қаласында отандық ауылшаруашылық техникалары мен құрал-жабдықтарын шығарудың көлемін арттыруға кірісіп кетті

Отандық өнімнің өрісі кеңейеді

Бұқаралық ақпарат құралдары өкіл­дерінің зауыт басшылығымен бол­ған кездесуінде біраз жайт орта­ға салынды. Серіктестіктің бас ди­рек­т­оры Олег Балыбин зауыттың өн­дірістік мүмкіндіктерін алға тар­та келіп, сату желілері арқылы өз өнім­дерін Қазақстанның кез келген өңі­ріне жеткізе алатынын айтты. Ол сөз ретінде еліміздің өзге де өңір­­леріндегі кәсіпорындарымен бай­ланыстар орнатуға мүдделі екен­дік­терін де жасырмады. Жалпы, кә­сіп­орын әзірге сұранысқа ие ар­зан да сапалы тіркемелі және ас­палы ауыл шаруашылығы техни­ка­ларын шығаруды кеңейтуге ден қойып отыр. Бұл тұрғыдан кел­ген­де Ауылшаруашылық меха­ни­­­каландыру ғылыми-зерттеу ин­с­­титутымен сынақтан өткен то­­пырақты өңдеуге және себуге ар­налған ауылшаруашылық тех­­ни­­каларының конструкторлық құ­жат­тарын беру туралы келісім де бар. Жақын уақыттары алғашқы нұсқалары әзірленіп, одан кейін өндіріске жап­пай енгізу жос­пар­лан­ған. Зауыт жылына «PVP-351» «SHABYN» жинау-престеу тех­ни­касының 200 данасын, «ПР-Ф-145» «SHABYN» техникасының 600 данасын, аспалы жер жырту құ­ралының 150 данасын және өзге де құрал-жабдықтарды шығара бас­тайды. Зауытта қазіргі кезде 78 адам жұмыс істеуде. 

Ауылшаруашылық кешенін да­­мыту жөніндегі жаңа мем­ле­ке­т­тік бағдарламаның бас­ты мақ­са­тының бірі заманауи ауыл­ша­руа­шылық техникаларымен жә­не құрал-жабдықтарымен қамт­а­ма­сыз етуді арттыру, сондай-ақ елі­міздегі ауылшаруашылық ма­ши­наларын жасау саласын дамыту. Аталған міндеттерді тиімді шешу үшін құрамына мемлекеттік және квазимемлекеттік сектор, ауыл­шаруашылық техникалары мен құрал-жабдықтарын өндіруші кә­сіпорындар өкілдері кірген жұ­мыс тобы құрылып отыр. Жұмыс то­бы отырысының қорытындысы бой­ынша машина-трактор паркін жа­ңартуды арттыруға кедергі жә­не өндіріс деңгейінің төмен бо­луына ықпал ететін себептер са­ра­ла­нып, Ауылшаруашылық ма­ши­на­ларын жасаудың жол картасы әзір­ленді. Жол картасы қазіргі бар өн­діріс қуатын арттырумен қатар, жаңа өнім түрлерін шығаруға да мүм­кін­дік береді деп күтілуде. Және ша­руа­ларды шетелдік нұсқалардан бір де кем емес отандық сапалы да ар­зан техникалармен қамтамасыз етуі тиіс. Ауыл шаруашылығы ми­ни­стрлігі тарапынан бұл бағытта бір­қатар шаралар қолға алынып, сәтімен жүзеге асырылып жат­қа­­нын да қаперге сала кеткен орын­­ды. Биылғы жылдан бастап ауыл­шаруашылық техникасын са­тып алуды субсидиялағанда ең алдымен басымдық отандық өнім өндірушілерге беріледі. Егер бұ­ған дейін шетелдік бір комбай­н үшін 30 млн теңге қаражат қажет бол­са, қазіргі кезде осы ақшаға 3 комбайн сатып алу субсидия­ла­на­ды. Және «ҚазАгро» АҚ желісі бой­ынша отандық тіркемелі жә­не аспалы ауылшаруашылық тех­никаларын лизингке сатып алуды же­ңілдетілген несиемен қамт­ама­сыз ету жоспарланған. Осындай те­тік­тердің арқасында техника са­тып алу көлемін 50-70 пайызға арт­тырып, 1,5-2 есеге дейін жа­ңар­ту көзделіп отыр. Сонымен қа­тар, отандық зауыттарды құрал-жаб­дықтар сатып алуы мен жаңар­туы үшін жеңілдетілген несиемен қам­тамасыз ету бағдарламасы да жү­зеге асырылуда.

Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан»

Ақмола облысы