Аймақтар • 09 Маусым, 2017

Тұрғындарды тегін тасымалдайды

155 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қасиетті Рамазан айында мұсыл­ман баласы тек ауыз бекітіп, пітір-садақа берумен ғана шектелмесе керек. Рамазан – қайырымдылық пен қамқорлықтың айы.

Тұрғындарды тегін тасымалдайды

Осы ретте Өскеменде Ораза айында қолға алынған оңды бастама туралы айта кетудің орайы келіп тұрған секілді. Былтыр қаладағы Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің мұрындық болуымен елімізде алғаш рет «Имам такси» жобасы іске қосылған еді. Бұл жоба биыл да өз жалғасын тауып отырғаны қуантады.

«Қазіргі таңда облыстық «Халифа Алтай» мешіті бастаған Өскемен қаласындағы мешіттердің имам-молдалары мен ұстаздарынан және ерікті жамағаттан құралған 60-қа тарта көлік тарауих намазынан шыққан тұрғындарды тегін тасымалдап жүр. Олардың қатарында 2-3 жеңіл автобустар да бар. Бастама халықтың көңілінен шығып отыр», дейді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек қажы Мұқатай.

Азамат ҚАСЫМ,
«Егемен Қазақстан»

ӨСКЕМЕН