Қазақстан • 09 Маусым, 2017

Қазақстанда 2 млн адам кәсіподаққа мүше

235 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, Қазақстандағы кәсіп­одақ ұйымдарына 2 миллионға жуық адам мүше болса, соның ішінде 700 мыңы жастар көрінеді. Республика бойынша жалдамалы жұмыскерлер санының 6 млн шамасында екенін ескерсек, кәсіподақтарға мүше азаматтар саны 33 пайызды құрайды.

Қазақстанда 2 млн адам кәсіподаққа мүше

«Республикадағы кәсіп­одақ­тар­дың міндеті – жұмыс­шылардың құ­қықтарын түсіндіру және қорғау. Біздің федерация елдің түкпір-түк­пірінде былтыр қа­былданған жаңа «Ең­бек кодексі» мен 2014 жылы қа­был­данған өзіміздің «Кәсіп­одақтар туралы» Заңды түсіндіру жұ­мыс­­тарын жүргізуде», – деді Қазақстан Рес­пуб­ликасы Кәсіп­одақтар федера­циясының төр­ағасы Әбілғазы Құсайынов.

«Мемлекет басшысының «Бола­­шаққа бағдар: рухани жаң­­ғыру» атты бағдарламалық ма­қаласының негізгі міндет­теме­лерін жүзеге асыру әлеу­мет­­тік жа­ңартудың кепілі», – деді кәсіподақ қозғалысының өкілдері.

Сонымен қатар, Федерация төрағасы мекемелердің қара­ма­ғындағы қызметкерлер құқы­ғын бұзу мәселесі туралы да пікірімен бөлісті. «Қазіргі уақытта жұмыс беру­шілердің тарапынан жұ­мыс­керлер құқықтарының бұзы­лу деректері азайып келеді. Өйт­кені, дауласқан тараптар мәселені заңға жүгіне отырып шешетін болған. Дегенмен, біз де босаңсымай, жұмыскерлер құқықтарын қорғау мен оның бұзылуының алдын алу шараларын тұрақты өткізіп тұрамыз. Мәселен, 2017 жылдың алғашқы тоқсанының өзінде біз республика бойынша 2 мыңдай азаматты қабылдадық. Олардың бізге арызданып келгенде айтатын мәселелері негізінен жұмысқа орналасу, негізсіз жұмыстан қуы­лу және жалақының уақтылы төленбеуі. Кәсіподақтар бұл мәсе­лелердің бәрін шешуге тиісті мемлекеттік органдарды тартып, ешбір азаматтың арызын бос қайтармауға тырысады», – деді Әбілғазы Құсайынов.

Айта кетейік, Қазақстанда жұмыс­шылар құқықтарының бұзылу деректерінің басым көп­шілігі жалақының уақтылы төлен­беуі екені анық. Бұл, әсіресе, же­ке­меншік секторға қатыс­ты. Осы орайда, Кәсіподақтар феде­рациясының төрағасы мұн­дай мәселелер Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау минис­тр­лігімен және Бас прокуратурамен бірлесіп шешілетінін айтты.

Бауыржан МҰҚАНОВ,
«Егемен Қазақстан»