Қазақстан • 09 Маусым, 2017

Қоғамдық кеңес алдында есеп берді

235 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Министрлік қызметі басшыларының қатысуымен Ішкі істер органдары қызметінің мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңес отырысы өткізілді, онда Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың есебі тыңдалды, деп хабарлады Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Қоғамдық кеңес алдында есеп берді

Есеп беру барысында министр ішкі істер органдарының ағымдағы жылғы бес айдың жедел-қызметтік жұмыс нәтижелерін айтып өтті. 
Ішкі істер органдары ұйымдасқан қылмыспен мақсатты бағытталған  күрес жүргізуде, қылмыстарды ашу, есірткі бизнесіне, экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдануда, ұсақ құқық бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілік» принципін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жұмыс жүргізілуде, қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде құқықтық тәртіпті және заңдылықты қамтамасыз ету, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, көші-қон жағдайларын бақылау, сондай-ақ ішкі істер органдары қызметінің басқа да негізгі бағыттары бойынша шаралар қабылдануда.  

Министрдің баяндамасында ағымдағы жылғы 5 айдың қорытындысы бойынша денсаулыққа ауыр зиян келтіру, қарақшылық, кісі зорлау, ұрлық, алаяқтық, кісі тонау және бұзақылық, ауыр және аса ауыр қылмыстардың ашылуы жақсарғаны атап өтілді. «Өткен жылдардағы» қылмыстық құқық бұзушылықтардың 5 мыңнан астамы ашылды, оның ішінде 15 кісі өлтіру, 40 денсаулыққа ауыр зиян келтіру, 30 кісі зорлау, 200-ден астам кісі тонау, 30 қарақшылық, 3,6 мың ұрлық, 900 алаяқтық және 200 бұзақылық. Тергеу мен соттан жасырынып жүрген 1,5 мыңнан астам қылмыскер ұсталды.

«100 нақты қадам» Ұлт жос­парын орындау үшін құрылған жергілікті полиция қызметі жұмыс істеуде, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мемлекеттік қызмет көрсету және т.б. ішкі істер органдарының қызметін жетілдіру бойынша жұмыс одан әрі жалғастырылуда.

Бұдан басқа, министр Қоғамдық кеңес мүшелерінің сұрақтарына жауап берді. Жалпы,  есеп беру мақұлданды, Қоғамдық кеңес мүшелері министрлік қызметінің тиімділігін жақсарту бойынша ұсыным берді.